Ағылшын тіліндегі Информатика
7M01506
Оқыту тілдері:
ағылшын
Бағыттар:
Ғылыми-педагогикалық бағыт-2 жыл
Гранттар саны
—
Педагогика саласында теориялық және практикалық білімі бар, информатиканы оқытудың әдістері мен технологияларын меңгерген, алған білімдерін қолдана алатын, білім беруді дамытудың қазіргі жай-күйін бағалай және талдай алатын, сондай-ақ тұтас педагогикалық процестің міндеттерін тұжырымдай және тиімді шешімдер қабылдай алатын мамандарды даярлау.
- Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін информатиканы оқытуда практикалық қызметке заманауи тәсілдерді енгізу. Компьютерлік желілер мен мультимедиа-технологиялардың даму тенденциялары, Интернет үшін қосымшалар жасау технологиялары, электрондық ресурстарды әзірлеу технологиялары туралы білу.
- Педагогикалық шеберлік дағдыларын, бастауыш, орта және жоғары мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын меңгеру.
- Бүкіл қызмет кезеңінде кәсіби қасиеттерін өз бетінше арттыру, халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде кәсіби салада шет тілдерін меңгеру.
- Қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын, этикалық және рухани құндылықтарды, қоғамдық нормаларды білу және оларға өзінің кәсіби қызметінде бағдарлану, заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларына ие болу, білім беру қызметі саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу.
- Педагогика және психология саласындағы білімді меңгеру, критериалды бағалауды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімді қолдану, ақпаратты басқару, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлексияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін үнемі жетілдіруге ұмтылу; Педагогтің кәсіби борышын, педагогикалық қызметтің нәтижелері үшін жауапкершілікті сезіну.
- Білімді ұсынудың негізгі модельдері мен құралдарын, жасанды интеллекттің негізгі тілдерінің синтаксисі мен семантикасын және оларға бағдарламалаудың негізгі әдістерін, шектеулерде бағдарламалау парадигмасында, сондай-ақ эволюциялық және нейрожелілік тәсілдер шеңберінде әзірленген дәстүрлі есептерді шешудің жаңа әдістерін білу.
- Ғылыми зерттеулер процесін жоспарлау, әзірлеу және іске асыру; Дүниежүзілік ақпараттық желінің жұмыс істеуі жағдайында информатиканы оқытудың қазіргі әдістері негізінде дәстүрлі және жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру.
- Жеке және командада тиімді жұмыс істеу, мамандық бойынша практикалық қызметте, байланысты салалардың мамандарымен жұмыс жасауда коммуникабельділік пен психологиялық дайындықты көрсету, басқару және техникалық шешімдер қабылдау. Өзекті өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, жобалық міндеттерді шешуде көшбасшылық қасиеттер мен бастамашылықты көрсету.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Шет тілі (кәсіби) |
2 | Ғылым тарихы мен философиясы |
3 | Жоғары мектеп педагогикасы |
4 | Басқару психологиясы |
5 | Білім беру көшбасшылығы мен менеджментіне кіріспе |
6 | Оқытудағы инновацияларды зерттеу |
7 | Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері |
8 | Білім беру үрдісіндегі заманауи ақпараттық технологиялар |
9 | Сандық білім беру ресурстары |
10 | АЖ талдау, модельдеу және жобалау |
11 | Білім беру зерттеулеріне кіріспе |
12 | Білім беру саясатына кіріспе |
13 | Деректерді интеллектуалды талдау |
14 | Жасанды нейрондық желілер және оларды басқару жүйелерінде қолдану |
15 | Оқу нәтижелерін бағалау критерийлері |
16 | Бизнес шешімдерін есептеудегі бұлтты технологиялар |
17 | Педагогикалық дизайн |
18 | Білім беру ұйымдарын стратегиялық басқару |
19 | Бизнес шешімдеріне арналған Python |
UIB-де "ағылшын тіліндегі Информатика" бұл:
Білікті IT — мамандарға деген қажеттіліктің артуына, білім беру саласындағы танымалдылыққа және орта мектеп оқушыларының компьютерлік және мобильді технологияларға қызығушылығына байланысты білім беру бағдарламасы, оның негізгі міндеті болашақ информатика мұғалімін даярлау ғана емес, сонымен қатар оқушылар үшін компьютерлік және мобильді оқыту технологияларын құру мүмкіндігі.