Тұрақты туризм

Оқыту тілдері:

қазақ, орыс

Бейіндік пәндер на:

География және шет тілі

Халықаралық бағдарламалар:

Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы

Бұл не?

Білім беру бағдарламасы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген туристер үшін, сондай-ақ елімізге келуге ниет білдірген шетелдік туристер үшін өзекті туристік өнімдерді жасауда білімі ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдылары бар туристік сектор мамандарын дайындайды. Білім беру бағдарламасы туризм саласындағы жаңа кәсіптер мен кәсіби стандарттар атласына сәйкес құрастырылған. Жыл сайын білім беру бағдарламасына Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларын талдау нәтижелерін, нарық талаптары мен жұмыс берушілердің ұсынымдарын ескере отырып өзгерістер енгізіледі. «AMADEUS» Ғаламдық резервтеу желісі сертификатын ала отырып оқыту жүргізіледі

Құзыреттері

  • Нарықты және туризм субъектілерін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу саласында кәсіби білімді қолдану;
  • Маркетингтік зерттеу жүргізу құралдары бойынша тұтынушылық мінез-құлық;
  • Өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну және кәсіби қызметті орындауға ынталы болу;
  • Жеке және командада тиімді жұмыс істеу, мамандық бойынша практикалық қызметте коммуникабельділік пен психологиялық дайындықты көрсету, байланысты салалардың мамандарымен жұмыс істеу, басқару шешімдерін қабылдау;
  • Орындаушылардың жұмысын ұйымдастыра білу.