Экономика
7M04119/7M04109
Оқыту тілдері:
орыс, қазақ, ағылшын
Бағыттар:
Бейіндік бағыт-1 жыл;
Ғылыми-педагогикалық бағыт-2 жыл
Гранттар саны
110 грант-2023 жылға
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті экономика, басқару, ғылым салаларында жоғары білікті, академиялық және бизнес ортада тәжірибеге бағдарланған, жобалық-кәсіби, аналитикалық және тұлғалық құзыреттіліктерге ие мамандарды дайындау.
- Ұлттық және халықаралық деңгейде бизнес тәуекелдерді түсіну негізінде ұйымның даму перспективаларын анықтау.
- Микро және макродеңгейлердегі экономикалық көрсеткіштерді бағалау кезінде сандық және сапалық талдау құралдарын және деректерді жинау және өңдеу, болжау және нәтижелерді сыни түсіндіру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану.
- Озық цифрлық технологияларды енгізе отырып, инновациялық және креативті идеяларды, нарықтық мінез-құлық стратегиясын әзірлеу.
- Әлеуметтік-гуманитарлық және фундаменталды ғылымдар біліміне негізделген әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді түсіндіру.
- Зерттеу этикасы мен академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізудің жалпы ғылыми әдістемесін, логикасын және технологиясын меңгеру.
- Дұрыс стратегиялық және басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, қаржылық қызметіне талдау жүргізу.
- Жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өзін-өзі кәсіби дамыту және педагогикалық қызметті тиімді ұйымдастыру үшін заманауи ғылыми тұжырымдамаларды, білім беру жаңалықтарын жүйелеу.
- Көшбасшылық, сыни ойлау, кәсіби этика және тиімді топтық жұмыс дағдыларын көрсету.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Шет тілі (кәсіби) |
2 | Ғылым тарихы мен философиясы |
3 | Жоғары мектеп педагогикасы |
4 | Басқару психологиясы |
5 | Мінез-құлық экономикасы |
6 | Ілгермелі статистика |
7 | Арнайы курс 3: Іскерлік тәжірибе |
8 | Арнайы курс 4: Іскерлік тәжірибе |
9 | Басқару экономикасы |
10 | Қаржылық эконометрика |
11 | Сандық және сапалық зерттеу әдістері |
12 | Халықаралық экономика |
13 | Ілгермелі макроэкономика |
14 | Ілгермелі микроэкономика |
15 | Басқарушылық және қаржылық талдау |
16 | Салалық экономика |
17 | Инвестицияларды экономикалық бағалау |
18 | Design Thinking |
19 | Экономикадағы корпоративті және стратегиялық басқару |
20 | Advanced Risk-management |
UIB-дегі "экономика" бұл:
Психологиялық және мінез-құлық факторларының әсерін, адам ресурстарын, жобаларды, клиенттермен қарым-қатынасты тиімді басқаруды ескере отырып, экономикалық жүйелерді талдау мен жобалаудың тұжырымдамалық білімі, зерттеу және практикалық дағдылары бар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау