Study in Kazakhstan (studyinkz.kz) — шетелдік талапкерлерге арналған платформа

Study in Kazakhstan — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақстанда білім алғысы келетін шетел азаматтарына арналған ақпараттық платформасы. Порталда жоғары оқу орындарының тізімімен және білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсу талаптарымен, мерзімдерімен және қажетті құжаттар тізімімен танысуға, сондай-ақ онлайн өтінім беруге болады. Платформа талапкерлерді барлық кезеңде қолдайды: бағдарлама таңдау, құжаттарды дайындау, студенттік виза рәсімдеу және Қазақстанға келгеннен кейінгі алғашқы қадамдар. Сайт қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде қолжетімді.

Сайтқа өту үшін QR-кодты сканерлеңіз: studyinkz.kz