| Об Университете |

Университет тарихы

1992 – 2023

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

Біздің тарихымыз – бұл біздің құндылықтарымызбен, миссиямызбен, қажырлы еңбегіміз және ортақ мақсаттарымызбен қалыптасқан жол. Көптеген қиындықты өтіп, бүгін біз осы тікенді жолды мақтанышпен еске аламыз, соның арқасында біз қазір бизнес білім берудің шыңындамыз және студенттерімізге өзін-өзі жүзеге асыруға және мамандандырылған жеке қасиеттерді дамытуға көмектесеміз. Біз бай тарихымызды еске алу арқылы, болашаққа сенімді қадам басамыз!

2022 жыл

Біз ACCA және FIBAA-дан сәтті өттік

Біз, ACCA халықаралық кәсіби біліктілігінің расталған аккредитациясынан сәтті өттік, FIBAA бағдарламасының аккредитациясынан өттік

2021 жыл

Біз IQAA сапа аккредитациясынан сәтті өттік

UIB – әлеуметтік ғылымдар және педагогикалық ғылымдар бағыттары бойынша, IQAA білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі, Тәуелсіз агенттігімен мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

2020 жыл

Біз 6 бағдарламар бойынша аттестаттаудан өттік

UIB Университеті «Бизнес және басқару» бағытындағы, 6 білім беру бағдарламасы бойынша FIBAA мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті

2019 жыл

Біз ACCA және FIBAA-дан сәтті өттік

UIB Университеті «FIBAA»институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті

2018 жыл

Біз "НААР" мен "НАОКО" - дан сәтті өттік

UIB – «НААР» және «НАОКО»агенттіктер кеңесімен аккредиттеуден сәтті өтті

2017 жыл

Сауда саясаты бойынша аймақтық курстар

Дүниежүзілік сауда ұйымының қолдауымен сауда саясаты бойынша өңірлік курстардың ашылуы

2016 жыл

Төрт мамандық бойынша аккредиттеу

Австриялық сапа агенттігі (Austrian Quality Agency-AQA) төрт мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын, табысты халықаралық аккредиттеу туралы шешім қабылдады: «Халықаралық қатынастар» (бакалавриат), «Маркетинг» (бакалавриат, магистратура) , «Есеп және аудит» (бакалавриат, магистратура), «Менеджмент» (бакалавриат, магистратура). Мамандықтар алдағы бес жылға ұсынылды.

2015 жыл

Үздік Бизнес-ЖОО

ҚР тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша үздік Бизнес ЖОО

2014 жыл

Мемлекеттік аттестаттау

2014 жылдың мамыр айында Халықаралық бизнес университеті 5 жыл мерзімге бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кезекті мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті

2012 жыл

SIFE World CUP-тағы Қазақстан өкілдері

SIFE World CUP-тағы Қазақстан өкілдері. 
SIFE UIB командасы SIFE Ұлттық жарыстарында лайықты жеңіске жетіп,  АҚШ-та Вашингтон қаласында өткен SIFE WORLD CUP-2012 Дүниежүзілік байқауында Қазақстанның атын лайықты түрде қорғады.

2011 жыл

Халықаралық аккредиттеу

Халықаралық бизнес университеті мен Австрияның сапа агенттігі (AQA) арасында төрт білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу туралы келісімге қол қойылды.

2010 жыл

Іскерлік әкімшілендіру докторларын даярлау

Халықаралық бизнес университетіне іскери әкімшілік докторларын (DBA) даярлау құқығы берілді. Халықаралық бизнес университеті 5 жыл мерзімге білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттікпен аккредиттелген

2009 жыл

UIB туралы мерейтойлық кітап

Халықаралық Бизнес Университетінің 15 жыл ішінде терең із қалдырған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын, студенттік өмірді және атаулы күндерді бейнелейтін UIB мерейтойлық кітабының «Жасампаздық пен табысқа 15 жыл» тұсаукесері өтті. UIB Ғылыми кеңесінің 20.05.08 шешімімен Экономика, Менеджмент, Қаржы мамандықтары бойынша PhD философия докторларын даярлау бағдарламасы іске қосылды.

2008 жыл

Microsoft Kazakhstan-мен келісім

Халықаралық бизнес университеті «Microsoft Kazakhstan» корпорациясымен, жаңа технологиялар және бағдарламалық өнімдері негізінде ақпараттық компьютерлік жүйелерді құру, пайдалану және дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2006 жыл

SIFE World CUP-тағы Қазақстан өкілдері

SIFE UIB командасы аймақтық, содан кейін ұлттық SIFE жарыстарында лайықты және көптен күткен жеңіске қол жеткізді және Францияда (Парижқ.) SIFE WORLD CUP – 2006 Дүниежүзілік байқауында Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды

2004 жыл

Мемлекеттік аттестаттау

Халықаралық бизнес университеті мемлекеттік аттестаттаудан өтті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы)

2002 жыл

Мәңгілік мемлекеттік лицензия

Халықаралық бизнес университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы берілді (2002 жылғы 5 ақпандағы).

2001 жыл

Мектептің атын өзгерту

Дамудың жаңа сатысына жетіп, Бизнес мектеп, Халықаралық бизнес университеті (University of International Business) болып өзгертілді.

2000 жыл

MBA кешкі бағдарламасы

Бизнес мектеп, дамыған елдердің үздік бизнес мектептерінің талаптарына сәйкес, әзірленген МВА кешкі бағдарламасын ашты.

1999 жыл

Мектепті аттестаттау

Мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестациясынан өтті, нәтижесінде оқу бағдарламаларының мемлекеттік стандарттарға сәйкес мәртебесі расталды.

1997 жыл

Бухгалтерлерді жаңа стандарттар бойынша оқыту

Мектеп Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бухгалтерлерді бухгалтерлік есептің жаңа стандарттары бойынша оқытуды бастады. 1000-нан астам бухгалтерлер, салық инспекторлары, экономистер осы курстарда оқыды.

1993 жыл

Мектепті қайта құру

ҚазГАУ жанындағы мектеп жеке жоғары оқу орны — Халықаралық Бизнес Мектебі болып қайта құрылды.

1992 жыл

ҚазГАУ Республикалық бизнес мектебінің бөлімшесі құрылды

Республикалық Бизнес Мектебі деп аталатын IBM корпорациясының қатысуымен Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының (ҚазГАУ) бөлімшесі құрылды.