Халықаралық қатынастар
7M03102/ 7M03101
Оқыту тілдері:
орыс, қазақ, ағылшын
Бағыттар:
Бейіндік бағыт – 1 жыл;
ғылыми-педагогикалық бағыт-2 жыл
Гранттар саны
40 грант-2023 жылға
UIB-дегі "халықаралық қатынастар" бұл:
ҚР СІМ жүйесі үшін кәсіби қызметкерді, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мемлекеттік органдар, шетелдік және отандық компаниялар талап ететін, халықаралық талдаушы, консультант, кеңесші, сыртқы саясатты, ҚР-ның шет мемлекеттермен және компаниялармен сыртқы экономикалық қатынастарын талдау және іске асыру жөніндегі басшы дағдыларына ие халықаралық қатынастар проблемасы бойынша талдаушыларды даярлау.
Құзыреттері
- Жетекші әлемдік державалар мен Қазақстан Республикасы үшін геосаяси жағдайларды әлеуметтік-саяси талдау және болжау дағдыларын қолдану;
- Стратегиялық міндеттердің шешімін таба білу. Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайдың факторларын ескере отырып;
- Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы саяси жағдайлардың дамуын болжау;
- Халықаралық терроризм эволюциясының негізгі тенденцияларын және осы құбылысқа қарсы күрес бойынша әлемдік қоғамдастық қолданатын шаралардың сипатын талдай білу;
- Стратегиялық міндеттердің шешімін таба білу. Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайдың факторларын ескере отырып;
- Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы саяси жағдайлардың дамуын болжау;
- Халықаралық терроризм эволюциясының негізгі тенденцияларын және осы құбылысқа қарсы күрес бойынша әлемдік қоғамдастық қолданатын шаралардың сипатын талдай білу.
Түрлі халықаралық ұйымдарда, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарда, сондай-ақ академиялық салада тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама магистранттардың, атап айтқанда халықаралық қатынастардың тарихи, философиялық және теориялық негіздерін білуі мен түсінуін қалыптастыруға, сондай-ақ педагогикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
- Оқыту үшін педагогикалық стратегияларды әзірлеу.
- Ғылымның тарихи және философиялық негіздерін, сондай-ақ халықаралық қатынастар теорияларын түсіндіру.
- Нақты геосаяси және экономикалық жағдайларда мемлекеттердің әрекеттерін талдау және болжау үшін халықаралық қатынастар теорияларын қолдану.
- Дипломатиялық келіссөздер мен зерттеулерде кәсіби шет тілін қолдану.
- Қауіпсіздік, көші-қон және халықаралық құқық мәселелерін қоса алғанда, халықаралық қатынастар мәселелерін талдау.
- Корпоративтік, академиялық және халықаралық ортада психология және басқару принциптерін қолданаду.
- Әлемдегі аймақтар мен мемлекеттердің және мегатрендтердің рөлін талдау.
- Деректерді жинау және нәтижелерді түсіндіру, сондай-ақ халықаралық процестерді талдау үшін зерттеу әдістерін қолдану.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Шет тілі (кәсіби) |
2 | Ғылым тарихы мен философиясы |
3 | Жоғары мектеп педагогикасы |
4 | Басқару психологиясы |
5 | Диссертациялық зерттеу әдістемесі |
6 | Қытайдың Еуразиядағы рөлі |
7 | Global and regional migration processes in the context of world politics (in English) |
8 | Жаһандық әлемде Қазақстан Республикасының қызметін халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету |
9 | Әлеуметтік ғылымдардағы жетілдірілген зерттеу әдістері |
10 | Әлемдік саясаттың заманауи мегатрендтері |
11 | Халықаралық қатынастар теориясы |
12 | Қазіргі геосаяси құрылымдағы Орталық Азия |
13 | Modern problems of international security |
14 | Дипломатиялық және іскерлік келіссөздер |
15 | Саяси психология |
16 | ХҚ-дағы сандық дипломатия |
Алынған дағдылар:
Халықаралық жобаларды құру және іске асыру
ҚР геосаяси мүдделерін айқындау, ұсыну және ілгерілету
Халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының құралдарын еркін меңгеру
Халықаралық қатынастар саласында пәндерді оқыту және ҚР жоғары білікті жастарын тәрбиелеу
Іскерлік коммуникация дағдыларына ие болу (құжаттама, келіссөздер жүргізу), шет тілдерін шебер қолдана білу
Оқыту нәтижелері:
Оқуды бітіргеннен кейін түлек елдердің сыртқы саясаты, әлемдік дипломатиялық қызмет, әлемдік экономика, халықаралық құқық және халықаралық қауіпсіздік туралы білімдерін пайдалана алады;
Халықаралық қатынастардағы, әлемдік қоғамдастықтың әртүрлі аймақтарындағы құбылыстар мен процестердің мәнін, халықаралық келісімдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде түсінеді;
Қазіргі заманғы дипломатиялық қызмет, ҚР және басқа елдердің сыртқы саясаты, ұйым елдері мен өңірлерінің тарихы, халықаралық құқық, халықаралық ұйымдардағы ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын дамыту бойынша білімдерін қолдана алады
Сыртқы, ішкі саясатты, экономиканы, әртүрлі елдердің сауда қатынастарын, әлем аймақтарының, халықаралық ұйымдардың, ТҰК-ның, банктердің, нарықтардың және халықаралық қатынастардың басқа да актерлерінің мәдени айырмашылықтарын талдаудың заманауи әдістерін қолдануға қабілетті;
- Конференциялар мен кеңестерде дипломаттардың, шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар өкілдерінің ресми, бейресми кездесулерін жоспарлай, қатыса және басқара алады