Басты бет | Университет Туралы | Университет тарихы
Шет тілі: екі шет тілі
7M01701
Оқыту тілі:
Ағылшын
Бағыттар:
Ғылыми-педагогикалық бағыт — 2 жыл оқу
Гранттар саны
200 грант — 2023 жылға
UIB-дегі "Шет тілі: екі шет тілі" бұл:
Бағдарламаның мақсаты — шет тілін оқыту саласында іргелі білімі мен халықаралық деңгейде сұранысқа ие заманауи құзыреттіліктері бар, ғылыми-педагогикалық және практикалық мақсатта қолдану үшін жаңа білімді қолдана алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
"Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасының мақсаты:
Бағдарлама екі жылға дейін тәжірибесі бар оқытушылардан бастап көптеген жылдар бойы сабақ беретін және оқытудың түрлі деңгейіндегі кәсіби тәжірибесі бар ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған.
Лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, шет тілдерін оқыту әдістемесі саласында ғылыми білімі бар, зерттеушілік дағдылары бар, білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын мамандарды даярлау.
- Шетел тілін оқытудың, педагогиканың, психологияның және бағалаудың теориялық негіздерін түсіндіру.
- Шет тілін оқыту әдістерін оқытудың әртүрлі деңгейлерінде қолдану.
- Шет тілдерін тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынас үшін, соның ішінде ғылыми зерттеулер үшін пайдалану.
- Ғылыми этикаға сәйкес ақпаратты жинау және түсіндіру дағдыларын меңгеру.
- Ғылыми әдіске тарихи-философиялық көзқарастарды талдау.
- Көшбасшылықтың тиімділігіне әсер ететін психологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, білім беру ортасындағы көшбасшылық тәсілдер мен стильдерді салыстыру.
- Шет тіліндегі ғылыми мәтіндерді талдау.
- Білім, білік және дағдыны өлшеуге арналған стратегиялар мен әдістерге сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау.
- Білім беруді бағалауды таңдау, бағалау және түсіндіруді қамтитын бағалау стратегияларын әзірлеу.
- Оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Шет тілі (кәсіби) |
2 | Ғылым тарихы мен философиясы |
3 | Жоғары мектеп педагогикасы |
4 | Басқару психологиясы |
5 | Білім беру көшбасшылығы мен менеджментіне кіріспе |
6 | Екінші шет тілі 1 |
7 | Шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесі |
8 | Білім беру зерттеулеріне кіріспе |
9 | Екінші шет тілі 2 |
10 | Екінші шет тілі 3 |
11 | Шет тілі (кәсіби) 2 |
12 | Оқу нәтижелерін бағалау критерийлері |
13 | Әлеуметтік лингвистика |
14 | Шет тілі (кәсіби) 2 |
15 | Тілдерді оқытудағы зерттеулер және педагогика |
16 | Тілді оқытудың мәдениетаралық аспектілері |
17 | Оқу бағдарламаларын әзірлеу |
Оқыту барысында білім алушылар төмендегідей дағдыларды дамыта алады:
- Зерттеу дағдылары (мысалы, сапалық/сандық дизайн және зерттеу әдістері және т.б.).
- Кәсіби дағдылар (мысалы, оқыту, бақылау, менторлық, рефлексиялық практика).
- Тілді оқыту және сабақты жоспарлау үшін материалдарды әзірлеу дағдылары (мысалы, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай материалдар дайындау, арнайы мақсаттар үшін ағылшын тілі (кәсіби бағытталған ағылшын тілі, бизнес ағылшын тілі)және т. б.).
— Жоғары мектеп педагогикасы;
— Ғылым тарихы және философиясы;
— Шет тілі (Кәсіби);
— Басқару психологиясы;
— Білім берудегі зерттеуге кіріспе;
— Оқу бағдарламаларын әзірлеу;
— Оқу нәтижелерін бағалау критерийлері.
— Екінші шет тілі;
— Шетел тілін оқытудың замануи әдістемесі;
— Білім беру көшбасшылығы мен менеджментіне кіріспе;
— Оқыту мен оқытудағы инновацияларды зерттеу;
— Социолингвистика.