БББ мақсаты:
ББ мақсаты ғылыми, техникалық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті әзірлеуге және қолдануға қабілетті сұранысқа ие мамандарды даярлау болып табылады.
Оқытудың нәтижесі:
- Кәсіби құзыреттілікті дербес дамыту, халықаралық ортада жұмыс істеу үшін қазақ, орыс және шет тілдерін меңгеру, ғылыми зерттеулер жүргізу және жасанды интеллект саласында инновациялық шешімдер әзірлеу.
- Әлеуметтік міндеттерді шешу және өмір сүру сапасын арттыру үшін жасанды интеллект әдістерін қолдана білу, ЖИ қолданудың этикалық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілерін талдай білу, сондай-ақ жобаларды әзірлеу кезінде құқық негіздерін, экология мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ескеру. Тұрақты даму мен қоғамдық әл-ауқатқа бағытталған ЖИ жүйелерін әзірлеу.
- Ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйелер мен желілердің архитектураларын, мобильді қосымшаларды, бағдарламалау тілдерін талдаудың, модельдеудің, жобалаудың заманауи әдістерін қолдана білу.
- Логикалық ойлауды дамыту, кәсіби есептерді шешу үшін математикалық модельдеу және талдау әдістерін қолдану, АТ саласындағы физика бойынша негізгі теориялық және практикалық білімге ие болу.
- Экономиканың негіздерін, нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын білу және бизнесті дамыту үшін жеке қаржыны басқару дағдыларын меңгеру.
- ЖИ-шешімдерді әзірлеу бойынша командалық жұмысты және жобаларды басқаруды ұйымдастыру; ЖИ стандарттарын қолдану, пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау, зияткерлік жүйелер жобасының құжаттар пакетін қалыптастыру.
- Кәсіби қызметте бұлтты технологияларды, желілерді, ОЖ, ДҚБЖ және Big Data қолдана білу, ЖИ және терең оқыту әдістерін қолдана білу, жүйелер мен желілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Жасанды интеллект, машиналық оқыту, нейрондық желілер, IoT технологиялары теориясының негіздерін, әдістері мен алгоритмдерін, табиғи тілді өңдеу (NLP), компьютерлік көру алгоритмдерін білу.
Пәндер туралы мәліметтер:
| 6В06106 Жасанды интеллект | |
| № | Наименование дисциплины |
| 1 | Алгебра және геометрия |
| 2 | Дискретті математика және математикалық талдау элементтері |
| 3 | Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика |
| 4 | Экономикалық теория және микроэкономика |
| 5 | Қаржылық сауаттылық негіздері |
| 6 | Жасанды интеллект жүйелерінің негіздері |
| 7 | С++ тілінде алгоритмдеу және программалау |
| 8 | Бизнес ақпаратын басқару |
| 9 | Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер |
| 10 | Java тілінде объектіге бағытталған бағдарламалау |
| 11 | AWS бұлтты технологиясының негіздері |
| 12 | Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйелері |
| 13 | Машиналық оқытуға кіріспе |
| 14 | Android үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу |
| 15 | Web-бағдарламалау |
| 16 | Data Science бағдарламалау |
| 17 | Жасанды интеллекттің этикасы және құқықтық аспектілері |
| 18 | Қазіргі заманғы жасанды интеллект технологиялары |
| 19 | Табиғи тілдерді өңдеу (NLP) |
| 20 | Интеллектуалды жүйелер және сараптамалық технологиялар |
| 21 | Нейрондық желі архитектурасына кіріспе |
| 22 | CISCO: Компьютерлік желілерді жобалау (ағылшын тілінде) |
| 23 | Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау |
| 24 | Қолданбалы аналитика онтологиясы |
| 25 | Blockchain технологиясы |
| 26 | IoT технологиясы |
| 27 | Көп агентті жасанды интеллект жүйелері |
| 28 | ЖИ көмегімен үлгіні және кескінді тану |
| 29 | Жасанды интеллект саласындағы стандарттау және сертификаттау |
| 30 | Болжалды аналитика және R-де деректерді модельдеу |