Экономика білім беру бағдарламасының мақсаты — микро және макроэкономика саласында ғылыми әзірлемелермен айналысатын кәсіпорындардың зерттеу орталықтары мен құрылымдық бөлімшелері үшін, сондай-ақ ресурстарды ұтымды пайдалануға, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты міндеттерді шешу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
- Сандық сауаттылық дағдыларын және компьютерлік операциялық бағдарламаларды кәсіби және ғылыми қызметінде қолдану.
- Экономика ұғымдарын микро және макродеңгейде бағалау.
- Ресурстарды, жоғары технологияларды тиімді пайдалану негізінде экономиканың тұрақты дамуына бағытталған идеяларды қалыптастыру.
- Заманауи оқыту технологияларын пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын құрастыра отырып, педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
- Заманауи әдістемелер мен құралдарды пайдалана отырып, ғылыми нәтижелерді генерациялай отырып, зерттеу этикасы мен академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, ғылыми зерттеулерді жобалау.
- Ішкі және сыртқы нарықтарда ұлттық экономиканың қызметіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жүйесін талдау және болжау.
- Экономикалық циклдің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын жоспарлау әдістері мен құралдарын және нарыққа әсер етуді таңдау қабілетін көрсету.
- Экономикалық ойлау мәдениетіне, экономикалық ғылымның негізгі ұғымдарына, принциптеріне және концепцияларына ие болу.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Академиялық жазылым |
2 | Ғылыми зерттеу әдістері |
3 | Статистикалық және эконометриялық талдау |
4 | Даму экономикасы және экономикалық өсу |
5 | Ұлттық экономиканың кластерлік саясаты |
6 | Ғылыми сыйымды экономика |
7 | Ұлттық экономиканың инфрақұрылымын басқару |
8 | Жаһандану жағдайындағы экономика және тәуекелдерді басқару |