Экономика және Менеджмент

Оқу тілдері:

қазақ, орыс, ағылшын

ҰБТ бейіндік пәндері:

География және Математика

Халықаралық бағдарламалар:

Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы

Бұл не?

«Экономика және Менеджмент» білім беру бағдарламасы экономика және басқару саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кез келген меншік және салалық тиесілілік фирмасының кәсіпорындары мен ұйымдары талап ететін, ұйымдастырушылық жұмыс және басқару қызметі дағдыларын меңгерген, сыни және талдамалық ойлаудың жоғары деңгейіне ие, экономиканы жаһандық цифрландыру жағдайында тиімді шешімдер әзірлеуге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған.

Құзыреттері

  • Экономикалық құралдарды меңгеру және оны экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдауда экономиканы цифрландыру жағдайында өндірістік қызметте пайдалану және оның тиімділігін бағалау;
  • Өзінің кәсіби қызметінде Экономикалық теория, менеджмент негіздері және арнайы пәндер бойынша білімді пайдалану, әлеуметтік құбылыстардың, экономикалық қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы проблемалардың экономикалық мағынасын түсіну және түсіндіру;
  • Аналитикалық және сыни ойлау дағдыларына ие болу, түпнұсқа идеяларды қалыптастыра білу, нақты фактілер мен сандық экономикалық көрсеткіштерді сауатты түсіндіру, қоғамдық өмір құбылыстарына сараптамалық баға беру