Экономика және Менеджмент
Оқу тілдері:
қазақ, орыс, ағылшын
ҰБТ бейіндік пәндері:
География және Математика
Халықаралық бағдарламалар:
Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы
Бұл не?
«Экономика және Менеджмент» білім беру бағдарламасы экономика және басқару саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кез келген меншік және салалық тиесілілік фирмасының кәсіпорындары мен ұйымдары талап ететін, ұйымдастырушылық жұмыс және басқару қызметі дағдыларын меңгерген, сыни және талдамалық ойлаудың жоғары деңгейіне ие, экономиканы жаһандық цифрландыру жағдайында тиімді шешімдер әзірлеуге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған.
Экономика және Менеджмент білім беру бағдарламасының мақсаты қазіргі заманғы кәсіби құзыреттілікке ие, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, сыни және аналитикалық ойлаудың жоғары деңгейін меңгерген, серпінді өзгермелі кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті жан-жақты кәсіби экономист-менеджерлерді дайындау болып табылады.
- Экономикалық теория, менеджмент негіздері және арнайы пәндер бойынша білімдерін өзінің кәсіби қызметінде пайдалану, қоғамдық құбылыстардың экономикалық мәнін түсіну және түсіндіру, экономикалық қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы мәселелер.
- Кәсіби қызмет саласында заманауи ақпараттық технологияларды, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдану.
- Экономикалық құралдарды иелену және оны кәсіпорынның шаруашылық қызметінде басқару шешімдерін қабылдауда, оның тиімділігін, қауіпсіздігін және қоршаған ортаға әсерін бағалауда қолдану.
- Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың есеп берулеріндегі қаржылық, бухгалтерлік және басқа да ақпаратты түсіндіру және алынған ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану.
- Бизнес жүргізудің тұжырымдамалық негіздерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-экономикалық саясатын қалыптастыру, экономикалық қызметтің түрлі салаларында даму стратегиясын және жұмыс істеу принциптерін әзірлеу.
- Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология, тұлға аралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы Қазақстанның тарихи дамуының негізгі білімдерін ескере отырып, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде жағдайларды түсіну.
- Экономикалық қызметтің құқықтық аспектілерін және олардың нарықтық экономиканың жұмыс істеуі мен дамуына әсерін, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістердің құқықтық салдарын бағалау.
- Аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын меңгеру, өзіндік идеяларды жасай білу, нақты фактілер мен сандық экономикалық көрсеткіштерді сауатты түсіндіре білу, қоғамдық өмірдің құбылыстарына сараптамалық баға беру.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Экономикалық теория және Микроэкономика |
2 | Салалық нарықтардың экономикасы |
3 | Бизнес және технологиялар (АССА) BT |
4 | Зерттеу әдістеріне кіріспе |
5 | Экономиканы мемлекеттік реттеу |
6 | Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйелер |
7 | Қазақ (орыс) тілі 3 |
8 | Қазақ (орыс) тілі 4 |
9 | Макроэкономика |
10 | Маркетинг |
11 | Экономикадағы математика |
12 | Менеджмент |
13 | Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет |
14 | Статистика |
15 | Басқару есебі (АССА) MA |
16 | Қаржылық есеп (АССА) FA |
17 | Қаржы |
18 | Эконометрика |
19 | Кәсіпорын экономикасы |
20 | Экономикалық талдау |
21 | Foreign language 3 |
22 | Foreign language 4 |
23 | Foreign language 5 |
24 | Foreign language 6 |
25 | Басқару шешімдерін қабылдаудағы аналитикалық әдістер |
26 | Машина арқылы оқытуға кіріспе |
27 | Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері |
28 | Өндірістік менеджмент |
29 | Деректерді визуализациялау жүйелері.Power Bi |
30 | Арнайы курс 1: Іскерлік тәжірибе |
31 | Арнайы курс 2: Іскерлік тәжірибе |
32 | Персоналды басқару |
33 | Жобаларды басқару |
34 | MS Excel қаржылық моделдеу |
35 | Цифрлық экономика |
36 | R бағдарламалау |
37 | Деректерді талдау және экономикалық болжау |
38 | Риск менеджмент |
39 | Экономика және инвестициялық қызметті және инновациялық ұйымдастыру |
40 | С++ тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау |
41 | Корпоративтік басқару |
42 | Микро -макро талдау |
43 | Әлемдік экономика және халықаралық бизнес |
44 | ДСҰ және ЕАЭО шарттарында экономикалық үндерістерді реттеу |
45 | Стратегиялық менеджмент |