⚠️ OFFICIAL NOTICE: EOCL India is the exclusive authorized admission partner for Indian students. Beware of unauthorized websites. ⚠️ OFFICIAL NOTICE: EOCL India is the exclusive authorized admission partner for Indian students. Beware of unauthorized websites. ⚠️ OFFICIAL NOTICE: EOCL India is the exclusive authorized admission partner for Indian students. Beware of unauthorized websites. ⚠️ OFFICIAL NOTICE: EOCL India is the exclusive authorized admission partner for Indian students. Beware of unauthorized websites.

6В06106 Жасанды интеллект — ҚЗ

БББ мақсаты:

ББ мақсаты ғылыми, техникалық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті әзірлеуге және қолдануға қабілетті сұранысқа ие мамандарды даярлау болып табылады.

Оқытудың нәтижесі:

  1. Кәсіби құзыреттілікті дербес дамыту, халықаралық ортада жұмыс істеу үшін қазақ, орыс және шет тілдерін меңгеру, ғылыми зерттеулер жүргізу және жасанды интеллект саласында инновациялық шешімдер әзірлеу.
  2. Әлеуметтік міндеттерді шешу және өмір сүру сапасын арттыру үшін жасанды интеллект әдістерін қолдана білу, ЖИ қолданудың этикалық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілерін талдай білу, сондай-ақ жобаларды әзірлеу кезінде құқық негіздерін, экология мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ескеру. Тұрақты даму мен қоғамдық әл-ауқатқа бағытталған ЖИ жүйелерін әзірлеу.
  3. Ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйелер мен желілердің архитектураларын, мобильді қосымшаларды, бағдарламалау тілдерін талдаудың, модельдеудің, жобалаудың заманауи әдістерін қолдана білу.
  4. Логикалық ойлауды дамыту, кәсіби есептерді шешу үшін математикалық модельдеу және талдау әдістерін қолдану, АТ саласындағы физика бойынша негізгі теориялық және практикалық білімге ие болу.
  5. Экономиканың негіздерін, нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын білу және бизнесті дамыту үшін жеке қаржыны басқару дағдыларын меңгеру.
  6. ЖИ-шешімдерді әзірлеу бойынша командалық жұмысты және жобаларды басқаруды ұйымдастыру; ЖИ стандарттарын қолдану, пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау, зияткерлік жүйелер жобасының құжаттар пакетін қалыптастыру.
  7. Кәсіби қызметте бұлтты технологияларды, желілерді, ОЖ, ДҚБЖ және Big Data қолдана білу, ЖИ және терең оқыту әдістерін қолдана білу, жүйелер мен желілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  8. Жасанды интеллект, машиналық оқыту, нейрондық желілер, IoT технологиялары теориясының негіздерін, әдістері мен алгоритмдерін, табиғи тілді өңдеу (NLP), компьютерлік көру алгоритмдерін білу.

Пәндер туралы мәліметтер:

 6В06106 Жасанды интеллект
Наименование дисциплины
1Алгебра және геометрия
2Дискретті математика және математикалық талдау элементтері
3Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика 
4Экономикалық теория және микроэкономика
5Қаржылық сауаттылық негіздері
6Жасанды интеллект жүйелерінің негіздері
7С++ тілінде алгоритмдеу және программалау 
8Бизнес ақпаратын басқару 
9Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер
10Java тілінде объектіге бағытталған бағдарламалау
11AWS бұлтты технологиясының негіздері
12Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйелері 
13Машиналық оқытуға кіріспе
14Android үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу
15Web-бағдарламалау
16Data Science бағдарламалау
17Жасанды интеллекттің этикасы және құқықтық аспектілері
18Қазіргі заманғы жасанды интеллект технологиялары
19Табиғи тілдерді өңдеу (NLP)
20Интеллектуалды жүйелер және сараптамалық технологиялар
21Нейрондық желі архитектурасына кіріспе
22CISCO: Компьютерлік желілерді жобалау (ағылшын тілінде) 
23Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
24Қолданбалы аналитика онтологиясы
25Blockchain технологиясы
26IoT технологиясы
27Көп агентті жасанды интеллект жүйелері
28ЖИ көмегімен үлгіні және кескінді тану
29Жасанды интеллект саласындағы стандарттау және сертификаттау
30Болжалды аналитика және R-де деректерді модельдеу