Келісім комиссиясы
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес
Университетінің жеке даулары бойынша
Келісім комиссиясы (бұдан әрі-Комиссия) паритеттік негізде қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдерінің тең санынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің келісім комиссиясы мүшелерінің саны барлығы – 12 (он екі).
Жұмыскер тарапынан Комиссияның 6 (алты) мүшесі, жұмыс беруші тарапынан 6 (алты) мүшесі. Комиссия қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары процесінде туындайтын жеке еңбек дауларын қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Еңбек қатынастарының тараптары комиссияға еңбек дауының мәнін баяндайтын өтінішпен жүгінеді. Өтініш Жұмыс берушінің кеңсесіне берілуі және немесе Комиссияның электрондық поштасына жіберілуі мүмкін s.komissiya@uib.kz.