Халықаралық стандарттарға сәйкес салықтық есеп пен аудиттің ілімдерін, мәні мен әдістемесін зерттеуде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар философия докторларын/PhD докторларын дайындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық және ғылыми қызмет дағдыларына ие бола отырып, өз қызметінің кәсіби салаларының даму сипаты мен бағытына сындарлы әсер ететін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар мен талдаушыларды дайындау.
- Ішкі және сыртқы контрагенттермен әртүрлі жағдайларда бухгалтер мен аудитордың кәсіби мінез-құлқын дамыту үшін алған білімдерін талдау және қорытындылау.
- Жоғары білім беру жүйесінде этикалық нормаларды сақтай отырып, алған білімдерін оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану.
- Ғылыми-зерттеу бағдарламасын құру және оны заманауи зерттеу әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа, оның ішінде халықаралық басылымдардағы жарияланымдарды, диссертацияларды, баяндамаларды немесе мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып презентацияларды ұсыну.
- Әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінде қолданылатын аудит және салық салу саласындағы ғылыми нәтижелердің қолайлылығын тексеру.
- Аудит және салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде қамтылған ақпаратты, оларды қолданудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесін жүйелеу.
- Аудит және салық мәселелерін шешу үшін цифрлық технологиялар мен бағдарламалық өнімдер саласындағы арнайы кәсіби білімді қолдану.
- Бухгалтерлер мен аудиторлардың этикасының принциптеріне негізделген бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы сараптамалық және консалтингтік қызметте стратегиялық талдау әдістерін қолдану.
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы ғылыми жетістіктерге сыни талдау және бағалау жүргізу, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметте жаңа идеяларды қалыптастыру.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Академиялық жазылым |
2 | Ғылыми зерттеу әдістері |
3 | Статистикалық және эконометриялық талдау |
4 | Салық есебі мен аудитінің әдістемесі |
5 | Бухгалтерлік есеп пен аудиттің қазіргі заманғы зерттеу мәселелері |
6 | Стратегиялық басқару есебі |
7 | Халықаралық аудит пен салық салудың теориясы мен әдістемесі |
8 | Салықтық жоспарлаудың теориясы мен әдістемесі |