Академиялық сапа жөніндегі комиссия
Академиялық сапа жөніндегі комиссия — ұлттық заңнамаға және университет стратегиясына сәйкес білім сапасын жүйелі қамтамасыз ету және арттыру мақсатында университетте құрылған тұрақты қызмет ететін алқалық басқару органы. Ол профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналы өкілдерін біріктіреді. Комиссияның қызметі сапа саясатын әзірлеу, енгізу және жетілдіруге, академиялық адалдықты қолдауға, білім беру бағдарламалары мен оқу үдерістерінің негізгі сапа көрсеткіштерін тұрақты мониторингілеу мен талдауға, сондай-ақ білім беру ортасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен шараларды әзірлеуге бағытталған.
Комиссия келесі мәселелер бойынша шешім қабылдауға уәкілетті: • білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттарына; • бағалау саясаты мен Университеттің басқа да академиялық мәселелеріне; • білім беру бағдарламаларының және/немесе пәндер/модульдердің сапасына сәйкестік пен академиялық адалдық талаптарының сақталуын анықтау мақсатында білім алушыларға сауалнама жүргізуді ұйымдастыруға.