2024 жылғы 22 сәуірде Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының базасында заң ғылымдарының кандидаты, доцент Айжан Мұратқызы Сәтбаеваның «Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеруді құқықтық қамтамасыз ету»монографиясының тұсаукесері өтті.
Монография Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеруді қамтамасыз етуді құқықтық регламенттеуді зерделеуге арналған кешенді зерттеу болып табылады. Жұмыста стратегиялық маңызы бар радиоактивті минералдық шикізатты өндіруді регламенттейтін заңнаманың қалыптасуы мен дамуына тарихи-құқықтық сипаттама беріледі, оны жетілдірудің негізгі бағыттары қазіргі экономикалық жағдайлар мен шетелдік тәжірибенің ерекшеліктерін ескере отырып айқындалады, уран кен орындарын игеру барысында қалыптасатын құқықтық қатынастардың ерекшелігі анықталды, мемлекеттік басқару органдары жүйесін жетілдірудің тұжырымдамалық мәселелері және пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлеріне билік ету талданады, уран өндіру өнеркәсібінің экологиялық-құқықтық мәселелері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру бойынша теориялық ережелер мен ұсыныстар тұжырымдалған. Монография жер қойнауын пайдаланудың заманауи мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған. Монографияның данасы университеттің Ғылыми кітапханасына берілді.