Құқықтану

Оқу тілдері:

қазақ, орыс

ҰБТ бейіндік пәндері:

Дүниежүзілік тарих және құқық негіздері

Халықаралық бағдарламалар:

Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы

Бұл не?

6В04208 «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының мақсаты қолданыстағы ұлттық және халықаралық заңнама мәселелерін түсінетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер талап ететін, нормативтік материалды талдай және түсіндіре алатын, заң нормаларын практикада қолдана алатын құқық саласындағы мамандарды даярлау болып табылады.

Құқықтық салада туындайтын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды және сақтауды кәсіби қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды шығару, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, конституциялық емес көріністерге төзбеушілік, өз қызметімен құқықтық тәртіпті нығайтуға, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі туралы қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін мамандар шығару.