Халықаралық талдау
Оқу тілдері:
қазақ, орыс
ҰБТ Бейіндік пәндері:
Шет тілі және Дүниежүзілік тарих
Халықаралық бағдарламалар:
Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы
Бұл не?
Бұл білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы геосаяси проблемалар мен қақтығыстарды талдау әдістерін зерттеуді; әлемдік және аймақтық масштабтағы заманауи көші-қон процестерінің мәселелерін зерттеуді; жаһандану мен оны аймақтық басқару контекстінде де, жаһандық контекстте де (жаһандық басқару) басқару әрекеттері арасындағы байланысты қарастыруды; студенттің Деректерді талдаудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы тұтас түсінік алуын қамтиды.
Құзыреттері
- Сыртқы экономикалық, сыртқы сауда салаларын қоса алғанда, ҚР СІМ мекемелері мен құрылымдарында кәсіби қызметке қабілеттілік;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың халықаралық құрылымдарының жұмысын ұйымдастыруға қатысу қабілеті;
- Халықаралық қатынастардағы, әлемдік қоғамдастықтың өңірлеріндегі және негізгі елдеріндегі стратегиялық процестерді, оқиғаларды болжау қабілеті;
- Халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде кәсіби салада батыс және шығыс шет тілдерін меңгеру.