| Об Университете |

Сапаны қамтамасыз ету орталығы​

Халықаралық бизнес университетінің (UIB) білім сапасын қамтамасыз ету

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіруі қазақстандық білім беруді шетелдік білім беру жүйелерімен үйлестіруді қажет етеді. Республиканың жалпыеуропалық білім кеңістігіне енуі сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесіне де, ішкі университет жүйелердің механизмдеріне де белгілі талаптар қояды. Білім сапасын қамтамасыз ету – университетті академиялық ортада және еңбек нарығында танудың маңызды шарттарының бірі.

Университеттің сапаны қамтамасыз ету саясаты «еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз етудің еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарында» (ESG), сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық білім беру саясатында көрсетілген сапаны қамтамасыз ету талаптарын қоса алғанда, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдемелерге сәйкес келеді.

Сапаны қамтамасыз ету орталығы – білім сапасын қамтамасыз етудің университеттің ішкі жүйесін әзірлейтін, енгізетін және жетілдіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі. Орталық, құжаттаманы әзірлеу, ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыз ету рәсімдерін енгізу бойынша өз қызметін университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асырады.

Сапаны қамтамасыз ету орталыңының басшысы                  Кабдесов Кенжехан Талгатулы                                              kabdesov.k@uib.kz

Сауалнама нәтижелері