Гостевая лекция в UIB

13.11.2024 ж. — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ҒЗЖ және ХҚ бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор Рашева Гульнур Койшынқызы «ПОЭБ» ОБ 4 курс студенттеріне «Қоршаған ортаны қорғау құқығы» пәні бойынша «Климаттың өзгеруімен күрестің құқықтық негіздері» тақырыбында қонақ- дәріс өткізіп, қазіргі кездегі Қазақстанның климаттық өзгеруімен күресудің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті. Өзі қызмет етіп отырған университеттің қазіргі зерттеулері, еліміздің климаттық өзгеруіне бейімделу шаралары, мемлекеттік климаттық кадастр мен парниктік газдар шығындыларын құқықтық реттеу, озон қабатын қорғау мәселелері туралы кең көлемде ақпарат берді. Қонақ-дәрісі студенттер үшін қызықты өтті, қазіргі кездегі халықаралық заңдардағы мәселелер бойынша студенттер сұрақ қойып және сол сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алды.

Ұйымдастырушы: «ӘГҒ» кафедрасының аға оқытушы Танирбергенова Р.К.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *