UIB Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингіндегі өз орнын растады

Кенжегали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингінде өз орнын сақтап қалды. Бұл рейтинг — әлем университеттерінің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қосқан үлесін бағалайтын беделді халықаралық көрсеткіш.

 

2025 жылғы нәтижелерге сәйкес, университет бірқатар бағыттар бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп, тұрақты даму қағидаттарын білім беру, зерттеу және басқару қызметіне сәтті енгізіп отырғанын дәлелдеді:

 

SDG 4 – Сапалы білім беру: 801–1000 орын

SDG 5 – Гендерлік теңдік: 401–600 орын 

SDG 8 – Лайықты еңбек және экономикалық өсу: 801–1000 орын 

SDG 16 – Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар: 601–800 орын 

SDG 17 – Тұрақты даму үшін әріптестік: 1501+ орын

 

THE Impact Rankings — әлем бойынша университеттердің қоғам мен қоршаған ортаға ықпалын бағалайтын бірегей рейтинг. UIB бұл рейтинг арқылы өз даму бағытын халықаралық деңгейде айқындап отыр.