Бизнес-әкімшілік
Оқу тілдері:
қазақ, орыс, ағылшын
ҰБТ бейіндік пәндерә:
География және Математика
Халықаралық бағдарламалар:
Академиялық ұтқырлық; қос диплом бағдарламасы
Бұл не?
Түлектерді орындаушылар немесе басшылар ретінде іскерлік ұйымдарды басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық, кәсіпкерлік қызметке даярлау.
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жүргізу саласында кең іргелі білімі бар, еңбек нарығы мен технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделген, топта жұмыс істей алатын және дамудың жоғары жалпы интеллектуалдық деңгейін алу үшін жағдай жасай алатын жаңа формация маманын дайындау.
- Ұйымдарды басқару саласында қолданылатын ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің (редакциялаудың) ақпараттық-коммуникативтік әдістерін меңгеру; өзінің кәсіби құзыреті саласында заманауи ақпараттық-цифрлық технологияларды тиімді пайдалана білу.
- Өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау және соның негізінде жеке өсу жолдарын белгілеу және артықшылықтарды дамыту және кемшіліктерді жою құралдарын таңдау.
- Саясаттану, әлеуметтану, философия, психология және т.б. ғылымның гуманитарлық салаларында алған білімдерін тәжірибеде қолдану.
- Қоғамдық және жеке ұйымдарға әсерін бағалау үшін қоғамдағы макро және микро деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен процестерді талдау.
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде құжат айналымын жүргізу, ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияларды сауатты құру, бастапқы дереккөздерді зерделеу негізінде ғылыми мәтіндер мен мақалалар жазу.
- Алынған білім мен дағдыларды бизнестің функционалдық салаларында қолдану, соның ішінде: өндіріс, маркетинг, логистика, менеджмент.
- Өз бизнесін ұйымдастыру (соның ішінде Start-up-тар) және заманауи технологияларды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізу.
- Ұйымның қызметін бағалау және болжау үшін қаржылық талдаудың, есепке алудың, инвестициялық жобаларды бағалаудың, өндірістік шығындарды есептеу мен талдаудың сандық және сапалық құралдары мен әдістерін қолдану.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Экономикалық теория және Микроэкономика |
2 | Бухгалтерлік есеп және аудит |
3 | Зерттеу әдістеріне кіріспе |
4 | Қазақ (орыс) тілі 3 |
5 | Қазақ (орыс) тілі 4 |
6 | Экономикадағы математика |
7 | Менеджмент |
8 | Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет |
9 | Бизнес қатынастар психологиясы |
10 | Бизнес — ақпаратты басқару (УБИ) |
11 | Foreign language 3 |
12 | Foreign language 4 |
13 | Foreign language 5 |
14 | Foreign language 6 |
15 | Сандық экономика аясындағы клиентке бағдарлану |
16 | Бизнестегі сыни ойлау |
17 | Макроэкономика |
18 | Маркетинг |
19 | Статистика |
20 | Басқару есебі |
21 | Қаржы |
22 | Эконометрика |
23 | Арнайы курс 1: Іскерлік тәжірибе |
24 | Арнайы курс 2: Іскерлік тәжірибе |
25 | Іскерлік операциялар және процестер |
26 | Бизнесті бюджеттеу |
27 | Операциялық менеджмент |
28 | Ұйымдастырушылық мінез-құлық |
29 | Бизнесті және стартаптарды ұйымдастыру |
30 | Тәуекелдерді басқару негіздері |
31 | Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері |
32 | Стратегиялық менеджмент |
33 | Маркетингті басқару |
34 | Персоналды басқару |
35 | Жобаларды басқару |
36 | Қаржы ресурстарын басқару |
37 | Business communication |