UIB - FACULTY OF MEDICINE

МиссияБілім, ғылым және клиникалық тәжірибенің бірлігі негізінде отандық және халықаралық медицина саласында сұранысқа ие жоғары білікті медицина кадрларын даярлау. 

Медицина факультетінің мақсаты – әлемдік деңгейдегі кәсіби білімі мен практикалық дағдылары жоғары дәрігерлерді даярлау. Факультет білім беру үдерісінде қажетті сертификаттар мен лицензияларға ие заманауи жабдықтарды пайдаланады. Факультетте жоғары кәсіби білімі мен біліктілігі бар тәжірибелі оқытушылар қызмет етеді. Білім беру барысында техникалық және клиникалық дағдылармен қатар, болашақ дәрігерлер үшін аса маңызды қасиеттерді – жанашырлықты, тиімді қарым-қатынас жасауды, жауапкершілікті және саналы көшбасшылықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Медицина факультеті белсенді оқытуды ынталандыратын заманауи медициналық оқу құралдарын, симуляциялық кабинеттерді және шағын топтарда интерактивті оқытуға арналған аудиторияларды пайдалана отырып, озық медициналық білім беруді қамтамасыз етеді және білім алушылардың кәсіби дағдыларын жүйелі түрде дамытуға жағдай жасайды. Факультет медициналық білім берудегі көшбасшылықты жетілдіруге ұмтылады, медицина ғылымы мен клиникалық тәжірибедегі заманауи өзгерістер мен инновацияларды білім беру үдерісіне енгізеді және академиялық қауымдастықтың барлық мүшелеріне құрметпен қарайды.

ПайымыМедициналық білім беру, ғылым және клиникалық тәжірибе саласында танылған қазақстандық білім беру құрылымы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби серіктестіктің беделді орталығы болу.

Құндылықтар мен этикалық қағидаттар:

— Академиялық мәдениет, адалдық және тұтастық.

— Демократиялық және этикалық басқару.

— Академиялық адалдық пен зерттеу этикасы қағидаттарына негізделген ғылыми-зерттеу қызметі.

— Жоғары білім берудің этикалық стандарттарына негізделген халықаралық ынтымақтастық.

UIB - FACULTY OF MEDICINE

UIB – Медицина факультеті медициналық білім беру мен дәрігер мамандығының негізгі құндылықтары мен кәсіби қағидаттарын басшылыққа алады.

Медицина факультеті отандық және шетелдік білім алушыларға сапалы медициналық білім алуға және кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Білім беру үдерісінде теориялық білімді клиникалық тәжірибемен ұштастыруға, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және заманауи медициналық технологияларды меңгеруге ерекше назар аударылады.

Медицина факультетінде білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Бағдарлама білім алушылардың іргелі медициналық білімін, клиникалық ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын жүйелі түрде дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның маңызды ерекшеліктерінің бірі – тәжірибеге бағдарланған оқыту. Білім алушылар заманауи медициналық технологиялармен танысып, симуляциялық және клиникалық оқыту арқылы болашақ кәсіби қызметіне қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Қазақстанда медициналық білім алу шетелдік білім алушылар үшін сапалы білім беру, қолжетімді оқу және өмір сүру жағдайлары тұрғысынан тартымды бағыттардың бірі болып табылады. Медицина факультеті халықаралық білім беру ортасын дамытуға және әртүрлі елдерден келген білім алушылар үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыруға ұмтылады.

Read More

Декан: Тарғынова Ақбота Тарғынқызы 

— Клиникаға дейінгі пәндер кафедрасының меңгерушісі — Тулеугалиева Сауле Сериковна  
— Клиникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі — 

Клиникаға дейінгі пәндер кафедрасы — 2022 жылы құрылды. Кафедраның негізгі қызметі – медициналық бакалавриаттың білім беру бағдарламасы шеңберінде базалық медициналық пәндер бойынша білім беру. Оқыту процесі лекциялар, практикалық сабақтар, топтық зерттеу жобалары, қоғамға бағытталған оқыту және Microsoft, Moodle сияқты платформалар арқылы қашықтықтан оқытуды қамтиды. Білім беру процесі оқу, зерттеу, лабораториялық және әдістемелік жұмыстарды семинар-практикалық сабақтарда, конференцияларда және пікірсайыстарда жүргізеді.

Клиникаға дейінгі пәндер кафедрасының құрамында Анатомия, Биохимия, Микробиология, Гистология және Патология салалары бойынша бірнеше зертханалар бар.

Клиникаға дейінгі пәндер кафедрасының мақсаты – базалық медициналық білім беру бағдарламалары аясында студенттер мен оқытушылардың ғылыми жұмыстарының деңгейін көтеру; жаңа оқыту әдістерін әзірлеу және оқу процесінде қолдану.

Кафедраның 2025-2026 жылдардағы сандық құрамы: жалпы оқытушылар саны – 62, оның ішінде толық жұмыс күнімен істейтіндер – 39, жартылай (ішкі) – 23.

6В10102 – Медицина үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша клиникаға дейінгі пәндердің атауы:

  • Қазақстан тарихы
  • Философия
  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Медициналық құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
  • Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау
  • Денсаулық сақтау және медицина саласындағы заңнама
  • Әлеуметтану. Саясаттану. Мәдениеттану
  • Психология. Қарым-қатынас, этика және қарым-қатынас.
  • Менеджмент
  • Басқару психологиясы
  • Ақпарат және коммуникация технологиялар
  • Медицинадағы деректерді талдау және өңдеу
  • Медицинадағы соңғы технологиялар
  • Қазақ (орыс) тілі 1
  • Қазақ (орыс) тілі 2
  • Шет тілі 1
  • Шет тілі 2
  • Шет тілі ( кәсіби )
  • Дене шынықтыру-1
  • Дене шынықтыру-2
  • Дене шынықтыру-3
  • Молекулалық биология және генетика 1
  • Молекулалық биология және генетика 2
  • Адам анатомиясы-1
  • Адам анатомиясы-2
  • Гистология және эмбриология
  • Физиология 1
  • Физиология 2
  • Биохимия 1
  • Биохимия 2
  • Қоғамдық медицина 1
  • Қоғамдық медицина 2
  • Микробиология 1
  • Микробиология 2
  • Фармакология 1
  • Фармакология 2
  • Жалпы гигиена және эпидемиология
  • Медициналық биофизика
  • Медициналық биоинформатика
  • Жалпы патология
  • Органдар мен жүйелер патологиясы-1
  • Органдар мен жүйелер патологиясы-2
  • Иммунология

Клиникалық пәндер кафедрасы – Халықаралық бизнес университетінің Медицина факультеті шетелдік студенттерді Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде оқыту мақсатында құрылған білім беру, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі.

Кафедра толық жұмыс күнімен жұмыс істейтін мамандарды даярлайды және білім беру бағдарламаларындағы оқытушылар, оқу және қолдау қызметкерлерін, әртүрлі санаттағы студенттерді біріктіреді.

Кафедра өз қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, университет жарғысын, университеттің Оқу кеңесі мен Әдістемелік кеңесінің шешімдерін, университет басшылығының бұйрықтары мен ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Кафедра құрылымы: «Клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, терапиялық пәндер курсының жетекшісі және оқытушылар құрамы.

Кафедра университет факультетінің құрамына кірмейтін, бірақ оқытушылар мен студенттердің білім беру, әдістемелік және ғылыми жұмыстарын жүзеге асыруға көмектесетін (қолдау көрсететін) бөлімдермен байланыс жасайды.

Кафедраны университет ректорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметінен босатылатын кафедра меңгерушісі басқарады.

Кафедра меңгерушісі тікелей деканға есеп береді. Меңгерушінің міндеттері, қызметтері, өкілеттіктері мен жауапкершілігі лауазымдық нұсқаулықпен реттеледі.

Кафедраның негізгі мақсаты – мамандық бойынша кәсіби білімге, дағдыларға және құзыреттерге ие жоғары білікті мамандарды (кадрларды) даярлау.

Кафедраның қызметтері: оқу процесін басқару және жоспарлау; тиісті мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу, үйлестіру және бекіту; жеке оқу жоспарларын әзірлеу, үйлестіру және бекіту; оқу кестесіне сәйкестікті қамтамасыз ету; өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру, үйлестіру және бекіту; клиникалармен байланыс орнатып, тәжірибе/стажировкалар базасын жасау; оқыту сапасын ағымдағы бақылау; сессия және аралық академиялық үлгерім есебі; білім беру және әдістемелік жұмыс; халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету; ғылымды басқару, тәжірибелі мамандар мен жетекші ғалымдарды оқу процесіне тарту; ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін қалыптастыру; жаңа білім беру бағдарламаларына лицензия алу үшін құжаттар дайындау; халықаралық аккредитациялар алу үшін құжаттар дайындау; нормативтік-әдістемелік құжаттаманы енгізу және оның қолданылуын бақылау; оқу процесін басқарудың заманауи әдістерін автоматтандырылған жүйелер арқылы енгізу.

6В10102 – Медицина үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша клиникалық пәндердің атауы:

  • Пропедевтика ішкі аурулар 1
  • Пропедевтика ішкі аурулар 2
  • Педиатрияға кіріспе
  • Жалпы хирургия
  • Клиникалық анатомия (топографиялық)
  • Мамандықпен таныстыру
  • Клиникалық медицинаға кіріспе
  • Сот медицинасы және токсикология
  • Акушерлік
  • Гинекология
  • ЖМК
  • Жедел медициналық көмек дәрігерінің көмекшісі
  • Стационар дәрігерінің көмекшісі
  • Хирургия
  • Балалар аурулары
  • Ішкі аурулар — 1
  • Ішкі аурулар — 2
  • Анестезиология
  • Офтальмология
  • Пульмонология және фтизиатрия
  • Оториноларингология
  • Дерматовенерология
  • Радиология
  • Жұқпалы аурулар
  • Ауруханаішілік инфекциялар және АИТВ
  • Тропикалық аурулар
  • Трансфузиология
  • Ортопедия және травматология
  • ЖДП ғы  Отбасылық медицина
  • ЖДП ғы  клиникалық зертханалық диагностика
  • Жедел медициналық көмек
  • ЖДП ғы  психиатрия және наркология
  • ЖДП ғы  онкология
  • ЖДП ғы  Акушерлік және Гинекология
  • Жедел емдеудегі неврология және нейрореабилитация
  • ЖДП ғы  гериатрия
  • ЖДП ғы  клиникалық фармакология
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негіздері
  • Биостатистика және дәлелді медицина
  • Академиялық жазу
  • Жеке медицина
  • Ғылыми жоба ( терапия )
  • Ғылыми жоба ( хирурия )
  • Ғылыми жоба (акушерлік және гинекология)
  • Ғылыми жоба ( Педиатрия )

Our Mission & Vision

Миссия

Медицина және хирургия саласында трансформациялық білім беру тәжірибесін ұсынатын, инновациялық технологияларды енгізетін, әртүрлілік пен инклюзивтілікті қолдайтын, қаржылық тұрақтылық пен профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дамуын қамтамасыз ететін, әлемдік деңгейдегі білікті әрі жанашыр медицина мамандарын даярлау арқылы қоғамның игілігіне қызмет ететін Алматы қаласындағы жетекші медицина мектебі болу.

Пайым

Пациентке бағдарланған медициналық көмекті басты құндылық ретінде ұстанатын, әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау мамандарын даярлайтын және медициналық білім беру саласында халықаралық деңгейде танылған көшбасшы болу.

 

Медицина факультетінде инновациялық оқу бағдарламасын енгізу үшін құрылды және медициналық білім мен тәжірибедегі өзгерістерді үздіксіз жетілдіріп, кері байланысқа назар аудара отырып дамиды. Мақсаты – студенттерге жаңа ғылыми білім беріп, болашақта оларды бүкіл әлемде науқастар мен халықтың денсаулығына жоғары деңгейде қызмет етуге дайындау. Медициналық мектеп ең тиімді академиялық, клиникалық білім, зерттеу және оқыту ортасын қалыптастыруға ұмтылады.

About Almaty

К.А. Сағадиев атындағы UIB университетінің базасында ҚР ҰҒА академигі К.А. Сағадиевтің 85 жылдығына арналған “Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның даму траекториялары” атты Халықаралық форумға факультет оқытушылары белсене қатысты (20-21 сәуір 2023 ж.). Жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті Құдайбергенов М.Б. “Тұлғаның рухани дамуы және салауатты өмір салты: кейбір әлеуметтік-психологиялық мәселелер” тақырыбында баяндама жасады. “Алдын ала клиникалық пәндер” кафедрасының доценттері Викас Кумар мен Саджад Ахмад Бхат “Денсаулық сақтауда ақпараттық технологиялардың рөлі” атты баяндамамен сөз сөйледі. 2023 жылдың 18 қарашасында К.А. Сағадиев атындағы UIB университетінде факультет тарапынан халықаралық қатысумен “Күміс экономиканың даму траекториялары” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрігерлер қауымдастығының президенті Садыкова А.Б., Алматы қаласы Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылов Б.М., белсенді ұзақ өмір сүру қалалық орталығының директоры Бекетаева С.С., ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас гериатры Байсултанова А.Ш., MCC “VKE” ЖШС Бас бренд менеджері Бисмилдин Х.Б., Украина Ұлттық медицина ғылымдары академиясы Гериатрия институтының Қосымша кәсіби білім беру орталығының директоры В.В. Чайковская, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Жасанды интеллект және үлкен деректер” кафедрасының меңгерушісі Мансурова М.Е. қатысты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қарар қабылданды.