Магистратура – жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі, білім берудің үш деңгейлі жүйесіндегі мүмкіндік беретін дербес деңгей:
- ғылымның, техниканың және бизнестің жекелеген салаларында жоғары білікті кадрларды дайындау;
- ғылыми-педагогикалық білім алуға мүмкіндік береді.
Егер сіз кәсіптік зерттеулерге немесе ғылыми және оқытушылық мансапқа қызығушылық танытсаңыз, онда сізге Магистратура бағдарламасы қажет!
Магистратура — ғылыми-зерттеу қабілетін қалыптастырады, бұл мүмкіндіктер кез келген мамандықта пайдалы, мысалы: экономист, заңгер, менеджер және т.б. Біздің практикалық білімді басты талапқа қоятын университетімізде, магистратура тек ғылыми-педагогикалық қызметке ғана емес, сонымен қатар магистратураның бағыттарын айқындайтын жоғары білікті практикалық жұмысқа бағытталған:
- ғылыми-педагогикалық (2 жыл);
- профильдік (1 жыл).
Танысуға арналған құжаттар
Негізгі магистрлік бағдарламалар
Білім беру бағдарламасы
Туризм және қонақжайлылық менеджменті (бейінді/ғылыми-педагогикалық)
Магистратураға түсу шарттары
Шет тілі және мамандық бойынша түсу емтихандары бойынша, кешенді тестілеу тапсырылады
КТ туралы толығырақ:
КТ-ға тіркелу
2024 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында өтеді
Емтихан күндері:
12 қарашада app.testcenter.kz сайтында сіздің жеке кабинетіңізде белгілі болады
Магистратураға түсетін тұлғалар:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура үшін – шет тілінен (ағылшын, француз, неміс таңдауыңыз бойынша) тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұратын кешенді тестілеуді тапсыру арқылы қазақ немесе орыс тілінде оқуды қарастыру;
Оқыту тілі ағылшын тілінде жүргізілетін, магистратура бағдарламасы үшін – ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұратын кешенді тестілеу (таңдауыңыз бойынша);
Қандай құжаттар қажет?
- Стандартты үлгідегі өтініш (қабылдау комиссиясы береді);
- Жоғары оқу орынын бітіргені туралы құжаттың қосымшасымен көшірмесі;
- Шет тілінен түсу емтиханын тапсырудан босату құқығын беретін сертификаттың көшірмесі (бар болса)
- Кадрларды есепке алудың жеке парағы және жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- Еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмыспен қамтылғандар үшін);
- № 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Флюорографиялық фотосурет;
- Жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
- Тіркеу туралы куәлік (ер адамдар үшін).
- Ғылыми хатшы куәландырған, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі; авторлық куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері. (егер сізде болса).
Құжаттардың көшірмелерімен бірге түпнұсқалары тексеру үшін қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Тексеруден кейін түпнұсқалар өтініш берушілерге қайтарылады.