Қонақжайлылықты басқару
Білім алу тілдері:
қазақша, орысша
ҰБТ пәндері:
География және шет тілі
Халықаралық бағдарламалары:
Академиялық ұтқырлық
Бұл не?
«Қонақжайлылық менеджменті» білім беру бағдарламасы студенттерге қонақжайлылық саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіре үйренуге мүмкіндік береді. Бағдарлама кәсіби құзыреттілікті, кәсіпкерлік ойлауды дамытып, Қазақстан нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған нақты тәжірибе алуға жағдай жасайды. Бағдарлама түлектерін қонақүй, курорт, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, сауда нүктелері, ойын-сауық парктері және басқа да осы салаға қатысты бизнес бағыттарында әкімшілік, операциялық және коммерциялық функцияларды орындауға дайындайды.
Білім беру бағдарламасы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи кәсіпорындар мен нарық құрылымдары тарапынан сұранысқа ие, серпінді өзгеретін әлеуметтік және кәсіби қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті қонақжайлылық индустриясының менеджерлерін даярлауға бағытталған.
- Кәсіби қызметте алдыңғы қатарлы коммуникациялық технологияларды қолдану, қарым-қатынас мақсаттары мен жағдайларына байланысты тілдесе алу, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби тақырыптарда еркін сөйлесу және өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну.
- Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпорындарының қаржылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалай білу. Технологиялық процестердің орындалуын және қонақ үй мен мейрамхана қызметіндегі лауазымдық нұсқаулықтарды бақылай білу.
- Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының басқарудың негіздерін біліп, қонақ үй бизнесінің менеджмент мәселелерін түсіну. Қонақжайлылық индустриясының негізгі аспектілері және осы салада өзгеріп отыратын орта туралы кең, интеграцияланған түсінікке ие болу.
- Қонақжайлылық индустриясындағы мансабын дамыту мақсатында теориялық және практикалық білім мен дағдыларды қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің әр түрлі аспектілерінде қолдану.
- Жалпы білім беру және кәсіптік пәндерді оқу барысында алған білімдерін жүйелі түсінік алу және басқарушылық ықпал ету тиімділігін арттыру үшін өз еңбек қызметінде қолдану.
- Кәсіби қызмет саласында қолданылатын ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдана білу, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, әлемдік экономиканың әртүрлі жағдайлары мен жағдайларында икемді және ұтқыр болу.
- Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпорындарының қызметіне ішкі және халықаралық нарықтарда әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды болжай алу. Белгісіздік пен дағдарыс жағдайында сервистік компанияны басқару бойынша білім мен дағдыларға ие болу.
- Экономикалық білім негіздеріне ие болу, менеджмент, маркетинг, көшбасшылық теориясы туралы ғылыми түсініктерге ие болу және қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпорындарды басқару саласындағы негізгі және өзекті мәселелердің мәнін түсіну.
№ | Пәннің атауы: |
1 | Экономикалық теория және Микроэкономика |
2 | Бухгалтерлік есеп және аудит |
3 | Зерттеу әдістеріне кіріспе |
4 | Екінші шет тілі 1 |
5 | Екінші шет тілі 4 |
6 | Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік |
7 | Қазақ (орыс) тілі 3 |
8 | Қазақ (орыс) тілі 4 |
9 | Қонақжайлылық индустриясындағы маркетинг |
10 | Қонақжайлылық индустриясының негіздері |
11 | Мейрамхана бизнесін ұйымдастыру негіздері |
12 | Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет |
13 | Мейрамханалар және қонақ үйлерде қызмет көрсету технологиясы |
14 | Бизнес — ақпаратты басқару (УБИ) |
15 | Қызмет көрсету саласында сапаны басқару |
16 | Foreign language 3 |
17 | Foreign language 4 |
18 | Foreign language 5 |
19 | Foreign language 6 |
20 | Second foreign language 2 |
21 | Second foreign language 3 |
22 | Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі есеп және аудит |
23 | Қызмет көрсету экономикасындағы тұтынушы талғамы мен бағдарлау әрекеті |
24 | Көшбасшылық |
25 | Guest Relations & Customer care |
26 | Қонақжайлылық саласында брендинг дестинациясы |
27 | Әлем халықтарының ас түрлері |
28 | Қонақ үй, курорт және СПА сервис қызметтерінің халықаралық жүйесі |
29 | Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің менеджменті |
30 | Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері |
31 | Қонақжайлылықтағы коммуникация психологиясы |
32 | Стратегиялық жоспарлау |
33 | Кірістер мен шығыстарды басқару |
34 | Қонақжайлылықтағы тұрақты менеджмент |
35 | Food & Beverage Management (ағылшын тілінде) |
36 | MICE-туризм — іскерлік кездесулер индустриясы |
37 | Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі құжат айналымы |
38 | Қонақ үй және мейрамхана қызметінің мәдениеті |
39 | Қонақжайлылық индустриясында жылжыту және сату |
40 | Қонақ үй мен мейрамхананың дизайнын басқару |
41 | Front Office and Rooms Division Management (ағылшын тілінде) |
42 | Hospitality Operations Management (ағылшын тілінде) |