
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы Абу-Дабиде 2023 жылғы 01-10 қараша аралығында бразилиялық «Джиу-джитсу» бойынша «ABU-DHABI World YOUTH JIU-JITSU CHAMPIONSHI»әлем чемпионаты өтті.
Бұл чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 45 ел қатысты. Біздің университеттің студенті Әлиев Ыдырыс чемпионат финалында жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ыдырыс бразилиялық «Джиу-джитсу» мен грэпплингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.