Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті алғаш рет Web of Science (Derwent Innovations Index) базасында индекстелген халықаралық патентке ие болды.

Әзірлеме верификацияланған библиометриялық деректер негізінде ғылыми жарияланымдарды индекстеу және рейтингтік бағалау жүйесін білдіреді және BR24992974 «Цифрландыру негізінде Қазақстандағы жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту: тәсілдерді, тетіктерді және ақпараттық базаны әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылды.

Derwent базасында индекстелуі әзірлеменің халықаралық деңгейде танылғанын көрсетеді, университеттің ғылыми және инновациялық беделін нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін одан әрі коммерцияландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *