UIB Бизнес жоғары мектебі
Армандар стратегияға, ал идеялар табысты жобаларға айналатын мүмкіндіктер кеңістігі.
UIB, Graduate School of Business қош келдіңіздер — бұл тек өзгерістерге бейімделуді емес, болашақты қалыптастыруды мақсат еткен амбициялы мамандар үшін тартылыс орталығы.
Сіздің жаңа «ертеңіңіз» дәл осы жерден басталады.
Біз Қазақстанда алғашқылардың бірі болып MBA бағдарламасын қазақ тілінде әзірлеп, іске қостық.
Бұл жай ғана дерек емес — бұл біздің құндылықтарымыздың көрінісі.
Біз сізбен тек тікелей мағынада емес, мәдениет, көшбасшылық және ұмтылыстар тұрғысынан да бір тілде сөйлесуді маңызды деп санаймыз.
Біздің күшіміз неде?
Академиялық талаптылық, практикалық құндылық және әр тыңдаушыға деген жеке көзқарастың үйлесімінде.
Халықаралық тәжірибесі бар танымал сарапшылар — біздің оқытушы-тренерлерімізде.
Қазіргі уақытта білім алып, оны бірден қолданғысы келетіндерге арналған икемді оқыту форматтарында.
Күшті, қолдаушы әрі өршіл қауымдастықта.
Біз білім беру өткен шақ туралы емес, болашақ туралы болуы керек деп сенеміз.
Бұл — жеке даму жолы.
Бұл — өзіңіз болып, үздік болуға мүмкіндік беретін орта.
Бұл — технология, өзгеріс және стратегиялық ойлау.
Бұл — тек мансапты ғана емес, айналадағы әлемді де өзгерту.
Біздің бағдарламалар кімдерге арналған:
— өсуге ұмтылатын, бірақ тепе-теңдікті жоғалтқысы келмейтіндерге
— жай теория емес, практикалық білімді таңдаушыларға
— мықты команда мен шынайы қарым-қатынасты бағалайтындарға
— стратегиялық ойлап, саналы әрекет етуге дайын жандарға
Біз қарқынды заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз де солай — жылдам дамимыз, трендтерді сеземіз, көзқарастарды өзгертеміз.
Біз қатып қалған жүйе емеспіз — біз тірі, ашық, прогрессивті бизнес-мектеппіз. Мұнда жаңа мән-мағыналар туады, жаңа буын басқарушылары қалыптасады.
Егер сіз өз әлеуетіңізді толық ашып, жаңа деңгейге шығатын уақыт келді деп ойласаңыз —
дұрыс парақтамыз.
Біз сізбен бірге боламыз, бұл жол сәтті ғана емес, шабыт беретіндей болу үшін.
UIB, Graduate School of Business қабырғасында кездескенше!
Бұл жерден сіз тек білім ғана емес, болашағыңызға деген сенімділік те табасыз.
Айжан Кадирбергенова
Graduate School of Business директоры
DBA, Көшбасшылық, даму және трансформация жөніндегі сарапшы
Бизнес саласындағы заманауи білім мен дағдыларға ие, үдерістер мен адами ресурстарды басқара алатын, компания стратегиясын қалыптастыра алатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерді анықтап, оларды ғылыми және практикалық құралдарды қолдану арқылы шеше алатын басқарушы кадрларды даярлау.