Қабылдау комиссиясының консультациясын алу

Жазылыныз және қабылдау бөлмесінің өкілінен кеңес алыныз

COVID-19-дан кеінгі кезеңде әлеуметтік қоғамдық саясат аясында егде және қартаюшы тұрғындарды қолдау шаралары; өмір сапасы және енбекке араласу мәселелері

COVID-19-дан кеінгі кезеңде әлеуметтік қоғамдық саясат аясында егде және қартаюшы тұрғындарды қолдау шаралары; өмір сапасы және енбекке араласу мәселелері. (Грант № АР09058488 )​

Елдегі әлеуметтік және қоғамдық өмірді модернизациялауға бағытталған бұл жоба қоғамның егде адамдарға деген достық қатынасын сақтайды. Бұл әсіресе коронавирустық инфекцияның таралуының қиын кезеңінде маңызды тақырып, өйткені егде жастағы адамдардың өлімі басқа жастағы топтарға қарағанда едәуір жоғары. Экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың қартаюы және халықтың әлсіз топтарының бірі ретінде егде жастағы адамдардың өміріне әсер етеді. Әлемдік институттардың сараптамалық бағалауларына сәйкес, пандемиядан (немесе COVID-19) кейінгі қалпына келтіру кезеңі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл қатынастардың әсері жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ, сондықтан Қазақстан жағдайында ғаламдық пандемияның негізгі тенденцияларын зерттеу және анықтау өте маңызды.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік жаңғырту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және пандемиядан кейінгі кезеңде қарт адамдарға қолайлы саясатты іске асыру арқылы өмір сүру сапасы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін бағалау арқылы халықтың қартаюы мен Қазақстан Республикасының егде жастағы тұрғындарының өмір сүру деңгейіне COVID-19 әсерін талдау.

Taking You Above and Beyond

Зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақстан Республикасының зейнеткерлік және зейнеткерлік жастағы тұрғындарының өмір сүру сапасын, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін және әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын бағалау арқылы анықталған ұсыныстар, практикалық ұсыныстар, әлеуметтік модернизациялау шараларының алгоритмі және егде жастағы адамдарға қолайлы саясатты іске асыру болады.

Күтілетін нәтижелер

1 жыл зерттеу барысында келесі нәтижелер алынды:

Ковид-19-ның Қазақстандағы халықтың қартаю тенденциясына және әлеуметтік саясат жағдайына әсері зерттелді;

Демографиялық ауыртпалықтың дәстүрлі және баламалы көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізілді;

Егде жастағы тұрғындарды іріктеумен пандемия дамуына контент-талдау жүргізілді;

«Қартаюшы», «қарт/егде», «кәрі» және «зейнеткерлік» жасының айырмашылығы анықталды;

Еңбек нарығында егде жастағы адамдарды халықаралық және ұлттық белгілері бойынша жіктеу жүргізілді;

Covid-19-дың негізгі қауіп факторлары, оның ішінде егде жас зерттелді;

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық саясаттың негізгі ерекшеліктері ашылды;

Егде жастағы тұрғындарды жұмыспен қамтудың әлемдік тәжірибесі зерттелді;

Covid-19-дан егде жастағы адамдардың өлімі гендерлік теңгерімсіздікке ие екендігі анықталды;

Егде жастағы адамдарға қатысты пандемия және Covıd-19-дан кейінгі кезеңде өзекті жаңа терминология жүйеленді.

Алынған нәтижелер бойынша келесілер жарияланды: халықаралық рецензияланған журналда 1 ғылыми мақала, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарда 1 мақала және баламалы демографиялық жүктеме факторларын есептеу бойынша оқулық.

https://doi.org/10.51176/1997-9967-2021-3-167-176
https://doi.org/10.24412/3162-2364-2021-81-1-13-20


Жоба аясында екі іс-сапар жүзеге асырылды:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), Халық бөлімі, Женева, Швейцария. (2021 ж. қазан)
  • Батыс Саксон университеті, Салауатты қартаю (ұзақ өмір сүру) және Іскерлік әкімшілік, басқару есебі және ішкі аудит департаменті, Цвикау, Германия. (2021 ж. желтоқсан)

Жоба ұжымының құрамы

Изекенова Асель Кұлынтайқызы

PhD (Экономика), Халықаралық бизнес университетінің доценті, ғылыми жобаның жетекшісі, К. Сагадиев атындағы ХБУ-нің Бизнес және әлеуметтік зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері. Хирш индексі бар: 1 (h-индекс: 1 Scopus, Web of Science) және ондық цитаталар индексі: 1 (i10: 1). Орыс, қазақ, ағылшын және түрік тілдерін біледі. Изекенова А.К. ғылыми зерттеулерінің бір бағыты зейнетақымен қамсыздандырудың тиімділігін зерттеу аясында әр түрлі елдердегі халықтың қартаюын талдауға арналған. Асель Изекенованың негізгі ғылымиометриялық мәліметтер базасындағы сілтемелері: Web of Science ResearcherID AAR-3128-2020, publons.com/p/28804018/, Scopus Author ID: 56447042600 , https://orcid.org/0000-0003-3765-8036

Изекенова Айгулсум Құлынтайқызы

Қоғамдық денсаулық сақтау саласында философия докторы (PhD) дәрежесі бар, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті, К. Сагадиев атындағы ХБУ-нің Бизнес және әлеуметтік зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері. 40-тан астам жарияланымның, 3 монографияның, Хирш индексі – 3 (h-индекс – 3 Scopus), Хирш индексі – 2 (h-индекс – 2 Web of Science) авторы. Негізгі ғылымиометриялық мәліметтер базасындағы Изекенова Айгульсум Құлынтайқызының профиліне сілтемелер: Web of Science ResearcherID: AAB-4740-2020, Scopus Author ID: 55735840600, https://orcid.org/ 0000-0003-3850-8689.

Рахматуллина Алина Туттимбеткызы

магистр, Халықаралық бизнес университетінің экономика мамандығы бойынша 3 курс докторанты, К. Сагадиев атындағы ХБУ-нің Бизнес және әлеуметтік зерттеу орталығының ғылыми қызметкері. Нархоз университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистрлік бағдарламасын «Қаржы тәуекелдерін басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Төлегенова Ақбота Сәкенқызы

Назарбаев Университетінің магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау саласына мамандандырылған, К. Сагадиев атындағы ХБУ-нің Бизнес және әлеуметтік зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері. SUNY-де (State University of New York, US) Фогарти эпидемиологиясы және биостатистика бағдарламасы бойынша оқыды.