Студенттік ұйымдар

Біздің Motus Dance Club (MDC) командамыз— бұл ең алдымен, билеуді ұнататын студенттерден құралған команда. Біз музыканы, ырғақты және бидің бізге беретін әсерін жақсы көреміз. Біздің басты ұранымыз — «Білмесең — үйретеміз!». Бізге сіздің қаншалықты маманданғаныңыз маңызды емес. Біз сіздің би мен музыкаға құштарлығыңызды, үйреніп-жетілуге ұмтылысыңызды бағалаймыз. Біз жаңалықты жақсы көреміз, сондықтан біздің командамызда тек қана бишілер емес. Біздің тамаша өз диджейіміз және керемет дизайнеріміз бар. Бәріміз бірге би мен шығармашылыққа құштар команданы құраймыз!

«Golden Pride Almaty» — бұл университет ішінде де, қала алаңында да түрлі шаралар өткізетін әлеуметтік ұйым. Ұйымның мақсаты студенттің кәсіби-тұлғалық әлеуетін дамыту. Біздің міндетіміз — спорт, білім беру, мәдениет, экологияны қорғау, патриоттық сана сезім салаларында дамуды жылжыту.

Болон үдерісі жөніндегі студенттік бюро — басты мақсаты студенттерге қолдау көрсету мен олардың мүдделерін қорғау болып табылатын ұйым. Академиялық сұрақтарды шешу тек проблеманы жою ғана емес, дау-жанжалды жойғаннан кейін достық қарым-қатынастарды сақтау. Басым бағыт —студенттердің даулы мәселелерді шешуде тәуелсіз тұлғаға сенімін сақтау. Сондай-ақ UIB университеті студенттері мен оқытушыларының арасында байланыс орнату үшін әртүрлі шаралар өткізіледі. Біздің миссиямыз – Болон үдерісі негізінде құрылған ұстанымдар бойынша студент тұлғасын жетілдіру, университет студенттерінің құқық қорғау, білім беру саласында дербестігін дамыту.

«Razum life in UIB» ұйымы (қалалық «Razum life» ұйымының өкілдігі) — бұл зерделі өмір салтын ұнататын және басқа адамдарға үйлесімді толыққанды өмір туралы білім алуда көмек беруге дайын адамдардың қауымдастығы. Біздің ұйымымыз «білім — күш» деп сенетіндерге арналған. «Razumlife» ұйымы екі бағытта жұмыс істейді:

-шынайы LOVE бағыты

– «Жанұя» отбасы мектебі

Шынайы LOVE бағыты «Шынайы Love» — бұл мүдделес белсенді адамдар командасы, әр түрлі мамандық иелері, олар әзірше жеке алған бір қалада қоғамның дамуы мен отбасылық қатынастарды нығайтуға үлес қосқысы келеді.

Бұл жобаның мақсаты — жастарға таза адал қатынастардың мәнін, некеге дейінгі кезеңдердің, уәделесу кезіңінің маңыздылығын және отбасылық өмір кезеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

«Жанұя» отбасы мектебі

«Жануя» отбасы мектебі Шынайы LOVE жобасынан туындады. Ерекше кештерге келген жастар

өзара қатынастар ғылымын қай жерде игеруге болатыны туралы сұрастыра бастады.

«Inspirer» ұйымы (Қазақстандық гуманистік педагогика орталығының UIB-дегі өкілдігі) – бұл тұлғаның қалыптасуы мен айналасындағылармен және өзімен қатынас құруына үйрететін ойындар, шеберлік сыныптары, қайырымдылық акциялары, семинарлар мен психологиялық тренингтер өткізумен айналысатын жастар ұйымы. Біздің басты мақсатымыз: жастар мен жасөспірімдерді ағарту, тренингтер мен «Бақыт сабақтары» арқылы біз адамдарға дау-жанжалсыз өмір сүру оңай екендігін, аз ғана күш салып, кез келген арманға қол жеткізуге болатынын түсіндіргіміз келеді. Біз биік мақсаттарды қолдаймыз! Біз халықты ағартумен және ынталандырумен айналысамыз! Біз құлшындырамыз!

Жарасым — бұл түрлі этникалық мәдениеттердің өкілдерінен құралған интернационал ұйым. Біздің ең басты жетістігіміз— ынтымақтасқан тату ұжымымыз. Ұйымның басым бағыты — бірлік пен ұжым рухын сақтау. Басты мақсат — университеттегі түрлі халық өкілдерін біріктіру. Негізгі мүддеміз —ХБУ студенттерін мәдени құндылықтарға тарту, тату интернационал ұжым құру және басқа ұйымдармен ынтымақтастықта әрекет ету.

Левиафан — жастар арасында қоғамдағы жоғары мәдениет құндылығын түсінуді қалыптастырып,дамыту. Біз қала мәдениетіндегі поэзияға, көркемсурет пен әдебиетке деген құштарлықты қайта оралтып, сақтауға үлес қосқымыз келеді. Біз студенттердің шығармашылық өнеріне қолдау көрсетіп, соған өз шараларымызды арнаймыз. Театрларға, көрмелерге ұжымдық жорықтар, жазушылармен кездесулер ұйымдастырамыз. Біздің қызметіміз тікелей ұйым мүшелеріне де, біз өткізген шараларға қатысушыларға да өз әсерін тигізеді. Көпмәдениетті «Левиафан» командасы кез келген адамды өз қатарына қабылдауға дайын.

Gforce — бұл түрлі шаралар мен мерекелерді, табиғат аясына шығу жорықтарын ұйымдастырумен айналысатын жарқын студенттік ұйым. 3 жыл ішінде біз мынадай түрлі шараларды өткіздік: Әулие Валентин күні, 8 наурыз, Хэллоуин, Иссык көліне сапар және т.б. Ұйымның құрамына университетіміздің ең белсенді, креативті студенттері кіреді.

Enactus — кәсіпкерлік арқылы прогреске ұмтылыс! Enactus — өмірдің сапасы мен деңгейін жақсарту үшін кәсіпкерлік мүмкіндіктерді қолдануға ұмтылатын академиялық және іскери серіктестерді біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Enactus UIB жетістіктері:

2006, 2007, 2011, 2012 жылдардағы Ұлттық жарыстардың жеңімпаздары.

Әлемдік аренадағы табыстар:

2006 жыл, Париж, Франция – ХБУ университеті. Лигадағы үшінші орын және Spirit Award

марапатының иегері

2007 жыл, Нью-Йорк, АҚШ – ХБУ университеті. Лигадағы үшінші орын және Spirit Award

марапатының иегері

2011 жыл, Куала-Лумпур, Малайзия – ХБУ университеті

2012 жыл, Вашингтон, АҚШ — ХБУ университеті