Шет елдік студенттер қабылдау

Халықаралық қатынастар орнату стратегиясының бір бөлігі ретінде UIB өз кампусының қабырғасында мәдениетаралық тәжірибені арттыру үшін халықаралық студенттерді қабылдайды.

Сапалы білім алу үшін біз бүкіл әлемнен білімгер қабылдаймыз.

Біздің ұсынысымыз бойынша,

– ағылшын тілінде;
– орыстілінде;
– қазақ тілінде оқып, ғылыми атақ алуға болады;
Үш деңгейлі білімнің барлық деңгейлерінде.

Мынадай мекемелермен ынтықтастық құрылуы мүмкін:

– коммерциялық (бизнеске бағдарланған) кадрлік агенттіктер;
– мемлекеттік мекемелер;
– үкіметтік емес ұйымдар;

Біз жеке тұлғалармен, не заңды түрде тіркелмеген кәсіпорындармен ынтымақтастық жүргізбейміз.

Мүдделі мекемелер алғашқы өтінішенен кейін төмендегі құжаттарын тапсыруы тиіс:

– өз туған жеріндегі тіркеу құжаттарының сканерленген көшірмелері;
– ұсыныс;
– басқа халықаралық университеттерден 2 ұсынымхат;

UIB-дің студенттерді қабылдау жөнінде өзінің дербес стандартты келісімшарты бар, ол толтырылып, серіктеске қол қоюы үшін жіберілуі тиіс.

Студенттерді қабылдау жөніндегі серіктестерімізден күтетініміз:

– этикалық саясатты белгілеп, соны орындауын;
– барлық үміткерлермен жауапты ынтымақтастық жүргізуін;
– халықаралық жоғары білім берудің үздік дәстүрлері бойынша UIB-дің мүдделерін қорғауын;
– студенттерді қабылдауға қатысы бар барлық үкімет ұйымдарымен жауапкершілікпен ынтымақтастық жүргізуін;
– кәсіби және әдепті қызмет көрсетуін;
– алғаш өтініш берген уақыттан бастап, Алматыға кеткенге дейін үміткерге қамқорлық көрсету

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7(727) 259 80 00