Менеджмент

Мамандық шифры: 6М050700

Оқу мерзімі:
Бейіндік бағыт-1 жыл;
Ғылыми-педагогикалық бағыт-2 жыл.

Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын

Менеджмент мамандығы бойынша Магистратура

UIB-дегі “Менеджмент” мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама экономика және әлеуметтік сала және бизнес салалары үшін жоғары білікті басшылар мен мамандарды даярлауға бағытталған. Магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың қолданбалы сипатына ие, басқару дағдыларын дарытуға және кәсіби менеджерлерді (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіндегі жетекшілерді) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.Қазіргі заманғы менеджменттің, стратегиялық басқарудың, тәуекел-менеджменттің, инновацияларды, персоналды басқарудың өзекті мәселелерін және т.б. зерттеуге басты назар аударылады. Оқытудағы үлкен рөлді тәжірибе атқарады: бағдарлама түлектері нақты деректер негізінде жеке бизнес-жобалар жасайды, олар кейіннен студент практикадан өтетін немесе жұмыс істеуге ниетті компаниялар базасында іске асырылуы мүмкін.

Алған дағдылары

Кәсіпорынның инновациялық саясатын қалыптастыру

Жоғары технологиялық және ресурс үнемдеуші жобаларды әзірлеу

Өндірісті басқарудың тиімді жүйелерін құру

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Толық оқу курсын аяқтағаннан кейін магистранттарға академиялық дәреже беріледі:
Бейіндік бағыт – “6М050700-Менеджмент” мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі»;
Ғылыми-педагогикалық бағыт – “6М050700-Менеджмент” мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Магистратураға түсу емтихандарының оқу бағдарламасы»