ҚАРЖЫ

ШИФР: 5B050900

Бейіндік пәндер: география және математика

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

ҚАРЖЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ?

ҚАРЖЫ білім беру бағдарламасы – бұл банк ісі мен сақтандыру, ақша айналымы, мемлекеттік және жергілікті қаржы, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу, қаржы менеджменті саласындағы білім кешені. Бағдарламалардың бірнеше бәсекелестік артықшылықтары бар:- Біріншіден, білім беру бағдарламалары ХБУ Академиялық кеңесінің мүшелері болып табылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жасалған; Екіншіден, студенттердің кәсіби құзыреттілігін меңгеру мақсатында салалық пәндер бойынша дәріс оқу үшін практика – Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің, инвестициялық компаниялардың жетекші мамандары тартылады; Үшіншіден, бакалавриат бағдарламасы 1-3 курстарда шет тілін, сондай-ақ 4 курста ағылшын тілінде салалық пәнді оқытуды көздейді (орыс және қазақ бөлімдері үшін);

БІЗДІҢ МАМАНДАНДЫРУЛАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

Толығырақ

КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ

ҚАРЖЫНЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ ЖӘНЕ ТАРАТЫҢЫЗ

Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҚТАРЫ МЕН ИНСТИТУТТАРЫ

ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ ГУРУ БОЛЫҢЫЗДАР

Толығырақ

Осы білім беру бағдарламасының түлектері кім болып жұмыс істейді?

UIB Университетінде «Қаржыны» бітіріп, сіз мына бағыттар бойынша қызметке тұра аласыз

  • қаржы аналитиктері (бағалы қағаздар бойынша, инвестиция саласында);
  • салық менеджері;
  • тәуекел-менеджері;
  • брокер және дилер;
  • инвестициялық және несиелік менеджер;
  • сақтандыру саласындағы аналитик (андеррайтер), сақтандыру агенттері;
  • банк қызметкері;
  • қаржылық жұмыс жөніндегі экономист;
  • қаржы бөлімінің басшысы (қаржы директоры).

Алатын дағдылары

Қаржы бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер өздерінің оқу кезінде әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру және орындау; мемлекеттік борышты басқару тетіктерін игеру, бюджеттен тыс қорларды талдау сияқты салаларда білім алады; кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде жоспарлау, есепке алу және есеп беру тәртібін білу, типтік міндеттердің шешімін табу және стандартты емес міндеттерді шешу, аналитикалық тәсілді талап ететін лауазымдарда өз бетінше жұмыс істеу, ҚР заңнамалық актілерінде және халықаралық құқық нормаларында көзделген құқықтық өріс шеңберінде жүйенің, органның, шаруашылық немесе өзге де қызметтің субъектісінің орнықты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қаржылық-құқықтық тетіктің нысандары мен әдістерін қолдану дағдыларын игереді.

  • банктер мен биржалар;
  • бағалау, лизингтік және сақтандыру компаниялары;
  • инвестициялық компаниялар;
  • аудиторлық және консалтингтік компаниялар;
  • кәсіпорынның қаржы бөлімдері;
  • әкімдіктер мен қазынашылықтардың қаржы бөлімдері;
  • кеден органдары;
  • салық инспекциялары;
  • рейтингтік агенттіктер;
  • жеке бизнес.

“Қаржы” мамандығының студенттері екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес университетінде оқи алады. Ян амос Коменский (Прага, Чехия), Поляк-америка Университеті Луис (Жаңа Санч, Польша).Шетелдік ЖОО-мен бірлескен жобаға қатысу студенттерге ең алдымен халықаралық деңгейде бизнес жүргізу бойынша бірегей білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, “Қаржы” мамандығының студенттері шетелдік жоғары оқу орындарында халықаралық алмасу бағдарламалары негізінде білім алуда: Clermont Graduate School of Management (Франция), Solbrige International School of Business (Корея), Луис Ұлттық Университетінің Жоғары бизнес мектебі (Польша), Женьжан Ваньли университеті (Ниньбо қ., ҚХР), Шығыс Қытай саясаттану және құқық университеті (Шанхай қ., ҚХР).East China University of Political Science and Law ECUPL (ҚХР); SolBridgeUniversity (Оңтүстік Корея)

Жыл сайын “Қаржы” мамандығының студенттері “Қазақстан қор биржасы” АҚ қолдауымен “Ирбис” қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі ұйымдастырған “Биржалық симулятор” оқу сауда-саттығына, Ernst & Young (EY), Mars, Danone, Sanofi және т.б. жұмыс берушілердің қолдауымен бизнес-кейстерді шешу бойынша чемпионаттарға, сондай-ақ қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі студенттік пәндік олимпиадаларға қатысады.

Практик-оқытушылардың 70% – дан астамы UIB ерекшелігі-бұл практикалық білім университеті. Бұл біздің оқу орнымыздың маңызды бәсекелестік артықшылығы, ол мамандар даярлаудың практикалық бағытын күшейтуді өз басымдығына қояды.

Мамандандырылған мастер-класстар, семинар-тренингтер, осы салада жұмыс істейтін табысты адамдардан қонақ дәрістер

Мамандандырылған бағдарлама тыңдаушының тілектері мен мүмкіндіктерін ескереді: Жеке оқу-тақырыптық жоспар пәндерді оқытудың тізбесі мен жүйелілігін, сабақтардың тақырыптары мен уақытын, сондай-ақ тыңдаушы тікелей өз жұмысында кездесетін сұрақтарды қоя алатын негізгі мамандандырылған пәндер бойынша оқытушымен бір-біріне жеке консультациялар мүмкіндігін қамтиды.