Міндеті – ХБУ кітапханасының қолданушыларын әлемдік ақпарат қорына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету.
Көріну – кітапхана елдегі және әлемдегі жоғары оқу орындары ірі кітапханаларының стандарттарына сәйкес келетін өзіндік тұрғыдағы мәдени-ақпараттық ортаға тиіс.
Кітапхананың мақсаты:
- Университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері үшін қолайлы кітапхана болу;
- Тұрақжай (пайдаланушыларға) жұмыс істеу үшін ыңғайлы уақытты болуы (жарық, жайлы, ұтымды жобаланған және оқырмандар мен қызмет көрсету аумағы бар, кітапхана кеңістігін ұйымдастырудың заманауи үдерісіне сәйкес жабдықталған);
- Нарықтағы сұранысқа және ахуалға сәйкес келетін, кітапхана қызметін көрсетуді ұйымдастыру (қызмет көрсетудің) өнімдердің ассортименті, оларды ұсынудың жағдайы;
- Уақытқа және кеңістікке сай ақпарат пен құжаттарға барынша қолжетімділік;
- Ескірген операцияларды жоюға және жұмыс уақытын ұтымды жұмсауға мүмкіндік беретін кітапхана-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру;
- Кітапханада білікті қызметкерлердің болуы.
Кітапхананың негізгі міндеттері:
- Мамандар даярлауда сапаны қамтамасыз етудегі жүйені қалыптастыруға ақпараттық қолдау, ғылыми-білім беру үрдісін дәстүрлі және электронды ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;
- ЖОО бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру. Анықтамалық-библиографиялық аппаратты және дерекқорды ұйымдастыру мен жүргізу;
- Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу: кітапхананы, кітапты және оқытудың басқа да құралдарын пайдалану машықтығын сіңіру. Оқырмандарды анықтамалық аппаратпен, соның ішінде автоматтандырылған режімде жұмыс
Кітапхана құрылымында – абонемент, кітап қоймасы, кітапхана қорын сақтайтын 3 қосалқы бөлмелер және кітапхана кеңістігін ұйымдастырудың бүгінгі күнге сай үрдісінде жабдықталған жарық, әрі ыңғайлы оқу дәліздері. Оқу дәліздерінде ҒАЛАМТОРМЕН еркін пайдалана алатын, Vi-Fi қосылған 25 компьютермен жасақталған 96 орын бар. Кітапхана көшіру-көбейту техникасымен жабдықталған.
Университетте кітапхана қызметін білікті 7 адам атқарады.
№ 1 оқу дәлізі
Телефон: +7 (727) 259-80-28 (ішкі 407)
№ 3 оқу дәлізі (320 бөл.)
Телефон: +7 (727) 259-80-27 (ішкі 345)
Халықаралық ақпараттық-кітапханалық орталық (321бөл.).
№ 2 оқу дәлізі
Телефон: +7 (727) 259-63-21 (ішкі 343)
КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС РЕЖІМІ:
Абонемент пен № 1 оқу дәлізінің режимі
Дүйсенбі-жұма: сағ. 8.00 –ден 19.00 –ға дейін, сенбі: сағ 9.00-дан.- 14.00 –ке дейін.
№ 3 оқу дәлізінің режимі
Дүйсенбі-жұма: сағ. 8.00 –ден 19.00 –ға дейін, сенбі: сағ 9.00-дан.- 14.00 –ке дейін.
ХАКО (321бөл.) және № 2 оқу дәлізінің режимі
Дүйсенбі-жұма: сағ.11.00 –ден 13.00 –ға дейін.
Сессия емтихандарын тапсыру кезеңінде № 1, № 3 оқу дәліздерінің жұмысы:
Дүйсенбі-жұма: сағ. 8.00 –ден 20.00 –ге дейін, сенбі: сағ 8.00-ден.- 18.00 –ге дейін.
Айдың соңғы сенбісі – Санитарлық күн.