ТАБЫС ТАРИХЫ

1992

Республикалық Бизнес Мектебі деп аталатын IBM корпорациясының қатысуымен Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының (ҚазМБА) бөлімшесі құрылды.

1993

ҚазМБА жанындағы мектеп жеке жоғары оқу орны-Халықаралық Бизнес Мектебі болып қайта құрылды.

1997

Мектеп Қазақстанда бухгалтерлік есептің жаңа стандарттары бойынша бухгалтерлерді оқытуды алғашқылардың бірі болып жүргізе бастады. Осы курстарда 1000-нан астам бухгалтерлер, салық инспекторлары, экономистер оқытылды.

1999

Мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестациясынан өтіп, нәтижесінде мемлекеттік стандарттарға сай келетін оқу бағдарламаларының мәртебесі расталды.

2000

Мектеп дамыған елдердің үздік бизнес мектептерінің талаптарына сәйкес әзірленген МВА кешкі бағдарламасын ашты.

2001

Өзінің дамуының жаңа сатысына жеткенде мектеп Халықаралық бизнес университеті (University of International Business) болып өзгертілді.

2002

Халықаралық бизнес университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы берілді (серия АА №0000143, 5 ақпан 2002 ж.).

2003

UIB магистратурасы ашылды.

2004

Халықаралық бизнес университеті мемлекеттік аттестаттаудан өтті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы).)

2005

ҚР 34.016-2004 “Қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары”мемлекеттік стандартына сәйкес кейстік, желілік және ТV технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан оқыту нысаны енгізілді.

2006

SIFE UIB командасы SIFE аймақтық, содан кейін ұлттық жарыстарда лайықты және көптен күткен жеңіске жетті және Францияда (Париж қ.) SIFE WORLD CUP – 2006 Бүкіләлемдік конкурсында Қазақстанды білдіру құқығына ие болды.

2007

Халықаралық бизнес университеті “Microsoft Kazakhstan”корпорациясымен ең жаңа технологиялар мен корпорацияның бағдарламалық өнімдері негізінде ақпараттық компьютерлік жүйелерді құру, пайдалану және дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

2008

UIB туралы “жасампаздық пен табыстың 15 жылы” атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті, онда барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысы, студенттік өмір және Халықаралық Бизнес Университетінің 15 жыл ішінде терең із қалдырған айтулы күндер көрініс тапты.UIB Ғылыми кеңесінің 20.05.08 шешімімен Экономика, Менеджмент, Қаржы мамандықтары бойынша PhD философия докторларын даярлау бағдарламасы іске қосылды.

2009

Болонья қаласында (Италия) Халықаралық бизнес университеті Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойды.

2010

Халықаралық бизнес университетіне іскерлік әкімшілендіру докторларын (MBA) даярлау құқығы берілген.Халықаралық бизнес университетін білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) 5 жыл мерзімге аккредиттеді

2011

Халықаралық бизнес университеті мен австриялық сапа агенттігі (AQA) арасында төрт білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу туралы келісімге қол қойылды.

2012 SIFE UIB командасы SIFE Ұлттық жарыстарында лайықты жеңіске жетті және АҚШ – тың Вашингтон қ.SIFE WORLD CUP-2012 Бүкіләлемдік конкурсында Қазақстанды білдіру құқығына ие болды.

2014

2014 жылдың мамыр айында Халықаралық бизнес университеті 5 жыл мерзімге бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кезекті мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті

2015

ҚР аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша үздік Бизнес ЖОО

2016

Австрияның сапа жөніндегі агенттігі (Austrian Quality Agency-AQA) төрт мамандық бойынша: “халықаралық қатынастар” (бакалавриат), “Маркетинг” (бакалавриат, магистратура) , “Есеп және аудит” (бакалавриат, магистратура), “Менеджмент” (бакалавриат, магистратура) бойынша бес жыл мерзімге білім беру бағдарламаларын табысты халықаралық аккредиттеу туралы шешім қабылдады